Бэтмен жайлы кино көрсетілімнен алынып тасталуы мүмкін

Warner Bros. кинокомпаниясы Колорадо штатында болған атыстан соң Бэтмен жайлы "Темный рыцарь 2: Возрождение легенды" фильмін көрсетілімнен толықтай алып тастауы мүмкін. Қазір студия өкілдері АҚШ елінің ірі кинотеатр желілерімен келіссөздер жүргізуде.

"Темный рыцарь" 2 фильмінің премьерасы АҚШ-та 20 шілде күні болды. Лентаны АҚШ елінің 3700 кинотеатрында көрсетті, бірақ алғашында фильм 4404 кинотеатрда көрсетіледі деп жоспарланған еді (Imax кинотеатрларының 322-сін қосқанда).
Аталған фильм Warner Bros-тың 2012 жылғы ең ірі жобасы болуы қажет болатын. "Темный рыцарь" премьерасының тек кассалық жинағының өзі 170-195 миллион доллар құрауы тиіс еді.
Сондай-ақ, аталған фильм көрсетілімі 17 мемлекеттің 6765 кинотеатрында жоспарланған. Алайда басты рөлдегі актерлер мен режиссер Кристофер Нолан келген Париж қаласында да фильм премьерасынның көрсетілімін кейінге қалдырды...
Сурет:tengrinews.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт
Бөлісу: