Болливудтың «Алғашқы әйгілі жұлдызы» өмірден өтті

Болливудтың «Алғашқы әйгілі жұлдызы» өмірден өтті

18 шілде күні, сейсенбіде Мумбаи қаласында үндістандық актер Раджеш Кханна өмірден өтті. Енді бір жылдан соң жетпіс жасты бағындыратын дарынды өнер иесі көп ай бойы жалғасқан ауруының кесірінен көз жұмған. Бір апта бұрын ғана аураханадан шыққан актер өз үйінде жатып бақилық болған. Өлім себебі анықталмаған.

Раджеш Кханна 1966 жылдан бастап кино саласында бой көрсетіп,"Aakhri Khat" ("Соңғы хат") фильміне түскен. 1969 жылы "Aradhana" («Адалдық») кинофильмі жарыққа шыққан соң, ол аса танымалдылыққа ие бола бастады.

Кино саласында 150 фильмге түсіп үлгерген атақты актер оның 130-ында басты рөлді сомдап шыққан.

Бірақ 1990 жылдан бастап киноға түсуін сәл азайтты. Сонымен қатар, ол Болливудта бейресми түрде табысталатын «Алғашқы әйгілі жұлдыз» титулын иеленген.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: kinoafisha.spb.ru, 123tamilforum.com, kino-teatr.ru

А. Әбілхан