Капитан Jack Sparrow Аустралия ауруханасына келді (видео)

Капитан Jack Sparrow Аустралия ауруханасына келді (видео)
Фото: www.youtube.com

Капитан Джек Торғай (Jack Sparrow) өзінің тартымтылығымен кино сүйер қауымның ең керемет кейіпкеріне айналғаны белгілі. Ал оның рөлін сомдайтын Джонни Депп болса, қазіргі таңда Голливудтың әлемдегі ең танымал жұлдызы. Джонни Депп Аустралия елінің онкологиялық ауруға шалдыққан балалар ауруханасына Jack Sparrow кейіпінде келді. Тап осы уақытта Аустралия жерінде "Теңіз қарақшыларының" 5-ші бөлімі түсіріліп жатқан болатын. Джонни Депп пен Стивен Грэм кино түсірімі аяқталған кезде үстіндегі бояулары мен киімін шешпей бірден ауруханаға қарай ұшақпен аттанған. Мұнда балалар актермен 2 сағат уақыт өткізді. Актердің балаларға жасаған сыйлығы барлығының көңілінен шықты.

 
Н. Нұрмаханұлы