Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Жаужүрек мың бала" фильмінің DVD нұсқасы жарық көрді

"Жаужүрек мың бала" фильмінің DVD нұсқасы жарық көрді

Қазақ кино тарихына үлкен серпіліс әкелген белгілі режиссер Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" тарихи-шытырман оқиғалы фильмінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер шарасында фильмде басты рөлдерді сомдаған жас өнерпаздар Құралай Анарбекова (Қорлан), Аян Өтепберген (Таймас), жақында ғана «Бауыржан Момышұлы» төсбелгісімен марапатталған Асылхан Төлепов (Сартай) және Артур Төлепов (Ілияс) бой көрсетті. Ал Сартайдың ғашығы Зере рөлін сомдаған актриса Әлия Әнуарбек (Телебарисова) шараға онлайн-конференция арқылы қатысты.

Көпшіліктің көзайымына айналған жас актерлер тұсаукесерге жиналған қауымның сұрақтарына жауап беріп, №1 Балалар үйінен келген жеткіншектерге DVD-диск тарту етті. Сондай-ақ, актерлер түсірілім кезінде болған қызықты оқиғалармен бөлісіп, қолтаңба берді.

«Фильм кинотеатрларда көрсетілуде. Жақында Астана мерекесінің қарсаңында жергілікті арналардан көрсетілді. Өкінішке орай, фильмді тамашалай алмаған жандар жетерлік. Әсіресе, шалғайда жатқан ауыл-аймақ тұрғындары фильмді көре алмай жүр. Енді олардың фильмнің DVD нұсқасын көре алады» деді Асылхан Төлепов.

Көпшілікпен онлайн байланысқа шыққан Әлия Әнуарбек (Телебарисова) өз ойын былай деп өрбітті:

«Қазіргі таңда Лос-Анджелес қаласында кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатымен білім алудамын. Фильмнің тұсаукесерінде мен болған жоқпын. Сондықтан да бәрінен кеш мен көрдім. Өкінішке орай, менімен бірге оқып жатқан жас актерлер «Жаужүрек Мың бала» фильмін естісе де, көре алмай жүр. DVD нұсқасының шыққанына өте қуаныштымын, енді мен фильмді олармен бірге көретін боламын. Ал фильмді көрген я көретін жандарға айтарым, киноны тұщына тамашалауларыңызға тілестеспін. Біздің жасаған еңбегіміз сіздердің көңілдеріңіз шығып, бұғанасы қатпаған жастарға үлкен үлгі болатынына сенім білдіремін»


Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың 3 мамырында көрермендерге жол тартқан фильм алғашқы көрсетілімнен кейін екі апта ішінде 2 миллион долларға жуық қаржы жинаған. Ал 17 мамырда Канн кинофестивалі аясында өткен кинонарықта фильм көрсетіліп, оны әлемдік прокатқа шығару мақсатында оны канадалық «108 Media» компания сатып алған.

«Жаужүрек Мың бала» фильмінің DVD нұсқасы ҚР аумағында орналасқан «Меломан» дүкендер желісінде сатылымға түсті. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген DVD нұсқаның жалпы тиражы 5000 дана. Алдағы күндері сұраныс болып жатса, таралым тиражы артпақ.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: Владимир Дмитриев, Ғазиза Ұзақ (с)

3062 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 шілде 2012, 14:19
Пікірлер
+0
16 шілде 2012, 12:08

Зеренің рөлін сомдаған қыз сондай нәзік))) сынып қ :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: алдым

+0
16 шілде 2012, 12:10

Көке, көршің ғой))) Кезінде сындыру керек еді)))

+0
16 шілде 2012, 12:12

:D :D :D базар жоқ)) Ағайындыларда Салтанат боп ойнағаны ваще тема,

+0
16 шілде 2012, 14:45

көрмеген адам қалды ма екен)

+0
17 шілде 2012, 22:08

мен әлі толықтай аяғына дейін көрмедім, біз жаққа двд нұсқасы қашан келеді екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...