Кинода қызық көп

Кинода қызық көп

Құрметті оқырмандар, біз сіздерге осыған дейін театрдағы қызықтар туралы әңгімелеген болатынбыз. Ал ендігі кезек – кинода. Сонымен кино саласында болып жатқан ең қызықты жайттарға назар салыңыздар!

Кино саласында ойдан туған кейіпкерлер жетерлік. Солардың алдыңғы көшінде тұрған  – граф Дракула осы уақытқа дейін 72 кинокартинаға түсіп үлгерген екен.

Ал екінші орында тұрған – лондондық тыңшы Шерлок Холмс 66 кинокартинаға түскен.

Осы уақытқа дейін 60 кинокартинаға түскен ойдан жасалған кейіпкерлердің бірі – Тарзан үшінші орында тұр.

Атақты актриса Элизабет Тэйлор египеттік патшайым Клеопатраның рөліне түскенде 65 түрлі киім ауыстырып отырған.

Бұл кинодағы киім ауыстыру көрсеткіші Мадоннаның көрсеткішінің жолында артта қалады. Алан Паркердің «Эвита» мюзиклінде ойнаған кезінде ол 85 костюм ауыстырған екен.

Ең кәрі актер Йоханес Хестерс болса, ең кәрі актриса Жанна Луиза Кальман. Ол 114 жасында канадалық «Винсент және мен» фильмінде ойнап шығады.

Бұдан соң  да ол 8 жыл өмір сүреді...

Жануарлар жайлы кинолардағы ең танымал хайуан – Лесси есімді ит. Ол бір өзі елу шақты америкалық кинода басты кейіпкер болған.

 

Мәскеулік «Салют» кинотеатры – «Титаник» кинофильмін екі жыл қатарынан көрсеткен әлемдегі жалғыз кинотеатр.

Ал бұл париждік кинотеардың жанында онша таңқаларлық жайт емес, өйткені онда «Эммануель» мелодрамасы қатарынан 11 жыл үздіксіз көрсетілген.

Стивен Спилберг – кино саласындағы ең жолы болғыш режиссер. Оның түсірген кез келген киносы әлемдік кинопракаттардың алдыңғы орнын бермейді.

Режиссердің «Жат планеталықтар» кинофильмінің өзі кірісі көп кинолардың көшін бастап тұр.

Шерли Холмс кинофильміндегі 13 жасар студент қыз Хогвартс Плакс Миртлдің рөлін 37 жасар шотландық актриса  Ширли Хендерсон сомдаған.

«Шөлдегі ақ күн» кинофильміндегі Верещагиннің бетіндегі қанды жара гриммен салынбаған. Ол түсірілімге шейін  сыраханада жергілікті тұрғындармен төбелесіп қалған да, бетін пышақ тіліп кеткен.

«9 рота» кинофильмінде шалға есек керек болыпты. Түсірілім тобы сол үшін арнайы хайуанаттар бағына барып, камерадан және қатты дауыстан қорықпайтын есек іздеген. Бақтағы жұмысшылар бірден Люсю есімді есекті ұсынған. Бұл есек 40 жыл бұрын «Кафказдық тұтқын әйел» кинофильмінде Шурикті тасыған «жұлдыз» есек еді.

Киноға түсуден қашпайтын хайуан «9 рота» кинофильмінде де сәтті ойнап шығады.

Голливудта айтарлықтай жетістікке жете алмаған британдық актриса Пег Энтуисл «Голливудтың» «Н» әрпінен құлап, өзін-өзі өлтірген.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Оскар сыйлығының белгісі гипстен жасалған екен.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: sunhome.ru, nenudi.net, medvedkino.ru, kinopoiski.su, famous-wallpapers.com, silverscreenslags.com, forum.rona-online.ru, factroom.ru, lichnosti.net, proficinema.ru, dailybugle.ru, libo.ru

А. Әбілхан