"Аватар" якут эпосынан "ұрланған"

"Аватар" якут эпосынан "ұрланған"

Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің идеясын якуттық Олонхо эпосынан алған. Бұл туралы Якутияның мәдениет министрі Андрей Борисов ЮНЕСКО-ның мәдени мұра фестивалі кезінде айтты.

"Азия балалары" ойындары аясында өтіп жатқан фестивальдің бүгін, яғни 12 шілде күні өтіп жатқандығын айтып өтелік. "Якутияның киноиндустриясын дамыту туралы айтып келе жатқаныма 20 жыл болды. Мағынасы терең мұраларымызды өзіміз бағалап кино түсірмесек, америка режиссерлерінің алдымызды орап кететіндігін де айтып едім. Камеронның "Аватары" осының айқын дәлелі", - деді Борисов. Оның айтуынша, "Олонхо" эпосы жастар арасында кеңінен танымал, әрі олардың сүйікті шығармаларының бірі. 

df

Джеймс Кэмерон

Министр сонымен қатар: "Камэронның арнайы эффектілерге толы фильмі әлемге кеңінен танылып кетсе де, эпостың табиғи қалпы заманауи өмірге әлдеқайда жақынырақ және жұрттың жүрегіне әлдеқайда жақын әсер етеді", - дегенді де қоса айтты.

"Аватар" фильмінің трейлері

Қазіргі кезде Якутияда Олонхо эпосының негізінде көптеген комикстар мен компьютерлік ойындар жасалып шыққан екен. 

Осы елде өтіп жатқан "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындар 16 шілдеге дейін жалғасатындығын айта кетелік. Бәйгеге 30 елден келген спортшылар ат басын тіреп, бақ сынасып жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gamer.ru, spletnik.ru