Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Олимпиада грабителей» - Қазақстан киносының жаңа жобасы

«Олимпиада грабителей» - Қазақстан киносының жаңа жобасы

«Олимпиада грабителей» - Қазақстан киносының жаңа жобасы

Бүгін Қазақстанның барлық кинотеатрларында отандық режиссер Денис Куклиннің «Олимпиада грабителей» фильмінің көрсетілімі басталды.

Бұл «Два пистолета, Неуловимый бриллиант» қылмыстық комедиясының жалғасы. Полиция қызметкері су жүрек Артем Кузнецов Алматы қаласында өтетін тонаушылар олимпиадасын тоқтатуға тырысады.


Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Мәскеу, Ростов, Одесса қалалары мен Көбелек шағын ауылынан келген бас-аяғы 10 команда олимпиадаға қатысу үшін Алматы қаласына келеді. Ереже бойынша 24 сағат ішінде барлық қатысушылар мүмкіндігінше көп нысанды тонап шығу керек. Бірақ, тонаушылардан өзге қалада қатыгез Босс басқаратын қылмыстық топ әрекет етеді.

«Олимпиада грабителей» - қызықты қалжыңдар мен қара әзілге толы қазақстандық жаңа комедия. Фильмге қазақстандық әртістермен қатар, ресейлік кино жұлдыздары түскен. Сондай-ақ, әлемнің вице-миссі Маргарита Кравцова, әнші Ерлан Көкеев т.б. Қазақстанның танымал тұлғаларын көруге болады. Белгілі музыкант Аида Аюпованың орындауындағы әуендер де киноны әсерлі етеді.

Қара әзілді комедияда «Кун До» каскадерлер тобының орындауындағы тартымды трюктер көп. Түсірілім жұмыстары Алматы және Алматы облысында жүргізілген.


«Олимпиада грабителей» - бақытты соңы бар  қызықты әрі тартымды экшн-комедия. Бұл Евразия Бірінші арнасы,  КТК телеарнасы және MP Production компаниясының бірлескен жобасы.

Фильм авторлары Денис Куклин мен Лев Мариупольскийдің айтуы бойынша, олар түсірілімнің 50 күні ішінде қызықты оқиғаның жалғасын түсіріп қана қоймай, сыртқы киноөнім нарығына шығуға жол ашатын жаңа жобаны жасап шығарды.

Фильм авторларына сәттілік, ал көрермен қауымнға кинодан жақсы әсер алыңыздар демекпіз! 

Форумда талқылау

О фильме на русском языке читайте здесь.

Суреттер Ғаламтор беттерінен

229 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2012, 11:09

онша емес кино деп жатыр ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...