Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Алғашқы қазақстандық 3D-мультфильм түсіріліп бітті

Алғашқы қазақстандық 3D-мультфильм түсіріліп бітті

Алғашқы қазақстандық 3D-мультфильм түсіріліп бітті

Алғашқы қазақстандық "Ер Төстік пен Айдаһар" 3D мультфильмі түсіріліп бітті. Бұл туралы жоба режисері Жәкен Дәненов Tengrinews.kz сайтының тілшісі Эльвира Каиповамен құрған сұхбаты кезінде айтты.

Шығармашылық топ бұл туынды үшін 3 жыл еңбек етіпті. 15 адам бірігіп айналысқан картинаға музыка жазған Руслан Қара атты компзитор.

Мұндай үш өлшемді анимация көлемді объектілердің суретін қолмен салуды қажет етеді, сонымен қатар, қозғалыстар motion capture әдісі арқылы бейнеленеді. Айта кетелік, әлемге танымал болған "Аватар", "Тинтинның бастан кешкендері" мультфильмдері осы принциип бойынша түсірілген.

Анимацияның сюжеті Ер Төстік эпосының мазмұнына негізделген. "Қазақ ертегілерінің ішінен балалар аудиториясына лайық деп тапқан сюжеттерді ғана ұсындық. Сонымен қатар жанр заңдылықтарын бұзбауға тырысып, толықметражды мультфильмнің ережелерін сақтадық", - деді режисер.

Басты рөлдегі персонажды танымал актер Дулыға Ақмолда дыбыстады. Ер Төстіктің саяхаты кезінде жол бойы көмектесіп, жәрдем еткен басқа персонаждарды Азамат Қанапияев, Бейбіт Муслимов, Ержан Түсіпов дыбыстады. Жобаға, осылармен қатар, Эльдар Отарбаев, Мерей Әжібеков, Қадырбек Демесін, Лида Кәден қатысты.

Мультфильмнің премьерасы үстіміздегі 2012 жылдың күзіне жоспарланып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kazakhfilmstudios.kz

4088 6
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 05 шілде 2012, 16:36
Пікірлер
+0
05 шілде 2012, 16:13

Күтеміз)

+0
05 шілде 2012, 16:21

Алақай!

+0
05 шілде 2012, 19:56

керемет :D

+0
06 шілде 2012, 00:48

tagi da adettegidei sku4n9k brdene bolmasa :)

+0
08 шілде 2012, 13:33

Алақай!!! Мультик

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев