Голливудтың ең қымбат әртісі - Том Круз

Forbes журналының рейтінгісі бойынша Голливудтың ең жоғары төлем алатын әртісі болып Том Круз танылды. 2011 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта америкалық әртіс 75 миллион доллар көлемінде қаражат тапқан. 

Екінші орында Леонардо Ди Каприо мен Адам Сэндлер қатар келді. Олардың тапқан қаражаты жылына 37 миллионды құраған. Айта кетсек, өткен жылы Леонардо бірінші орында (77 миллион доллар) көрінген тұғын. 

Төртінші орынды 36 миллион доллар кіріс кіргізген Дуэйн «Жартас» Джонсон иеленіп отырса, Бен Стиллер 35 миллион доллармен үздік бестікті қорытындылап тұр.  

Сонымен қатар рейтінгіде жоғары төлем алатын голливудтық әртістер қатарында Саша Барон Коэн, Джонни Депп пен Уилл Смиттің аттары да аталды. Олардың әрқайсысы жыл бойына 30 миллион қаражат көзін таба алған. Одан кейінгі қатарда 26,5 миллион доллар қаражат таба алған Тейлор Лотнер мен Роберт Паттисондар тұр. 

Тағы бір айта кетерлігі, Том Круздың тауып отырған қомақты қаржысының жартысы әйелі Кэти Холмның қолына өтуі мүмкін. Бес жылға созылған отбасылық өмірден әбден шаршаған Кэти ажырасуға арыз беріпті. 

Сурет:kinozavr.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт