2015 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

2015 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

Мәзір (ағылш. Feast) — АҚШ-тың «Walt Disney Animation Studios» студиясы жасаған анимациялық қысқаметражды фильм. Мультфильм – Патрик Осборнның режиссерлік дебюті. 

Мультфильмнің басты кейіпкері —  Уинстон деген лақап аты бар ит. Ол басында үй-күйсіз жүріп, Джеймс атты адамға кездесіп, өзіне үй табады. Оның тойып тамақ жесем, өзіме дос тапсам деген мақсаты орындалып, арада жылдарға жалғасқан достық пайда болады. Бұл оқиға тамаққа негізделген достық туралы айтады. Күндердің бірінде Джеймс қызбен кездеседі, ал ол қыз екеуінің де өмірін түбегейлі өзгертеді. 

2015 жылғы "Оскар" сыйлығын "Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" номинациясы бойынша жеңіп алған "Feast" мультфильмін назарларыңызға ұсынамыз.

Сурет: huffingtonpost.com

Ұқсас жазба:

2014 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

М. Оңғарова