Әбунасыр Серіков «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» үшін марапатталды

Әбунасыр Серіков «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» үшін марапатталды

«Нысана» әзіл-сықақ театрының директоры Әбунасыр Серіков Алматы қаласында алғаш рет ұйымдастырылған қазақстандық «Выбор критиков» («Сыншылар таңдауы») киносыншылар қауымдастығының сыйлығына ие болды. Баян Есентаева продюсерлік еткен «Осторожно, корова!» («Абайлаңыз, сиыр!») кинофильміндегі көрсеткен өнері үшін оған «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» жүлдесі берілді.

4 ақпан күні басталған бұл киномарафонда отандық 20 кинокартина бақ сынады. Бір ай ішінде сыншылар Қазақстанда жасалған киноөнімдермен танысып, арнайы жүлделерді табыстауға дайындалды. Отандық кинофильмнің басы-қасында жүрген авторлар мен әртістерге арнайы сыйлықтар бұйырды.

Үздік кинофильмдер мен әртістерді таңдауда Гүлнәр Әбікеева, Кәрім Қадырбаев, Олег Борецкий, Ольга Малышева, Төлеген Байтөкенов, Дмитрий Мостовой, Инна Смаилова сынды сыншылар төрелік етті.

Жүлдегерлер:

Юрий Померанцев, актер («Раз в неделю»), «Үздік ер адам рөлі»
Ғазиза Әбдінәбиева, актриса («Кемпір»), «Үздік әйел адам рөлі»
Лия Нэльская, актриса («История одной старушки»), «Үздік әйел адам рөлі»
Бауыржан Қаптағай, актер («Хозяева»), «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі»
Әбунасыр Серіков, актер («Осторожно, корова!»),  «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі»
Евгений Жұманов, актер («История одной старушки»), «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі»
Галина Пьянова, актриса («Нағима»), «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі»
Татьяна Тарская, актриса («История одной старушки») «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі»
Антон Болкунов , суретші («Нағима») «Ең үздік қоюшы-суретші»

Сондай-ақ, мұндай сыйлық белгілі продюсер Баян Есентаеваға да бұйырды. Оның «Осторожно, корова!» («Абайлаңыз, сиыр!») кинофильмі киносыншылардың тарапынан «Үздік жанрлық фильм» деген марапатқа ие болды. Бұл жөнінде продюсер сыйлығын ала салысымен Инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Сурет: voxpopuli.kz

А. Әбілхан