Тимур Бекмамбетов пен Тим Бертонның бірлескен жаңа жобасы жарыққа шықпақ

Тимур Бекмамбетов пен Тим Бертонның бірлескен жаңа жобасы жарыққа шықпақ

Америкалық белгілі кинорежиссер, мультипликатор және жазушы Тим Бертон 21 маусым күні Ресей астанасы Мәскеу қаласына  алғаш рет келмек. Осы уақытқа дейін әр түрлі беделді компаниялар шақырса да, сапарды кейінге қалдырып жүрген Тим Бертонның аяқ астынан келмек болуына не себеп? Оны Ресейге келуге көндірген өзіміздің кинорежиссер Тимур Бекмамбетов екен. Ол Бертонмен бұрыннан таныс көрінеді. Себебі олар екеуі бірлескен түрде вампирлық экшн негізінді фильм түсірді. Ресей астанасында 22 маусым күні  осы су жаңа фильмнің тұсауы кесілмек. Фильм «Президент Линкольн. Қанішерлерге қарсы күрес» деп аталады. Бертон онда продюсердің, ал Тимур Бекмамбетов режиссердің ролін атқарған. 53 жасқа келген америкалық атақты кинорежиссер көптеген кино туындылардың авторы. Атап атйқанда, 2010 жылы фантастикалық негізде түсірілген "Алиса ғажайыптар елінде", "Қалыңдық мәйіті", "Чарли және шоколад фабрикасы" "Бэтмен" "Маймылдар планетасы", "Эдвардтың қайшы-қолдары" сынды т.б. киноларда режиссерлік еткен.

Фильм Сет Грэм-Смиттың постмодернистік романы негізінде түсірілген. Онда Америка Құрама Штаттарының атақты президенті Авраам Линкольннің құпия өмірі туралы айтылмақ. Президент өзге де қарапайым жандар сияқты сүйікті жар,  ардақты әке, ал түнде қанішерлерге қарсы күресетін қаhарман. Анасы сол қанішерлердің қолынан қаза тапқандықтан, кек алмақ мақсатында қарсы шығады. Керемет кейіпкер дәрежесіне көтерілген президент  ұлтын осылай қауіп-қатерден аман алып қалғысы келеді. Осынысымен ол классикалық тарихтың мәңгілік кейіпкері болып қалмақ.

Рольдерде Руфус Сьюэлл, Доминик Купер, Мэри Элизабет Уинстед, Робин Макливи, Энтони Мэки, Джимми Симпсон, Алан Тудик сынды белгілі әртістер ойнайды. Бұл кино жарыққа шығысымен-ақ, кино өнерінде ойып тұрып орын аларына шүбәміз жоқ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: dayevents.ru, hotperchik.ru, kolomnochka.ru

А. Әбілхан