Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отандық фильмдер тегін көрсетіледі

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отандық фильмдер тегін көрсетіледі

13-17 желтоқсан аралығында Алматыда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай отандық көркем фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді. Бұл туралы kinostan.kz сайты хабарлады.

Атап айтқанда, 13 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Арман 3D» кинотеатрында және 15 желтоқсанда «Цезарь» кинотеатрында орыс тілінде «Тығырықтан жол тапқан» фильмі, ал 14 желтоқсанда «Райымбектегі кинозалда» қазақ тілінде «Елбасы жолы» (сағат-11:00) фильмі көрсетіледі.

Сонымен қатар, 16 желтоқсанда жұртшылық назарына «Star Cinema» кинотеатрында (Mega) қазақ тілінде «Жаужүрек мың бала» (сағат-12:00), «Райымбектегі кинозалда» орыс тілінде «Жерұйық» (сағат-14:00) туындылары ұсынылады. Ал, 17 желтоқсанда қала тұрғындары «Star Cinema Прайм Плаза 3D» кинотеатрында қазақ тілінде «Біржан сал» (сағат-12:00) туындысын тегін тамашалай алады.

Сурет: өңделген

Н. Айдархан