Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Кинотаврда" Руминовтың "Қасыңдамын" фильмі үздік деп танылды

"Кинотаврда" Руминовтың "Қасыңдамын" фильмі үздік деп танылды

Ресейде өткен "Кинотавр" кинофестивалі аяқталды. Бас жүлдені Павел Руминов "Я буду рядом" (Қасыңдамын) фильмі үшін алды. Бұл туралы Риа новости хабарлады.

Картина ми рагі ауруына шалдыққан әйел туралы. Кино желісі 6 жасар ұлы бар ананың жаңа отбасын іздеу кезіндегі оқиғаларға құралған. Көпшілік алдында сөз алған Руминов: "Бұл тақырыпқа кірісіп, аяқ баспастан бұрын, бір жылдай уақытымды аналардың қасында өткіздім. Олардың сәбилері үшін не нәрсеге бара алатындығын көріп қатты әсер алдым. Және бір байқағаным ауруханада жатқан олар фильмді көп қарайды екен. Соның ішінде орыс фильмдерін. Содан кейін біздің жұмысымыз пайдасыз болып жатпағандығына көзім жетті", - деп ағынан жарылды.

Үздік режиссер атағын Василий Сигарев "Жить" (Өмір сүру) фильмі үшін алды. Үздік сценарий сыйлығына "Рассказы" (Әңгімелер) альманахы үшін Михаил Сегал ие болды. "Жить" (Өмір сүру) фильмін түсірген Алишер Замидходжаев үздік оператор атанды. Авдотья Смирнованың "Кококо" картинасында өнер көрсеткен Анна Михалкова мен Яна Троянова үздік актрисалар атанды. Ал Алексей Мизгриевтың "Конвой" картинасында төбе көрсеткен Азамат Нигманов ер адамның рөлін сомдаған үздік актер ретіне танылды. Өз кезегінде "Конвой" фильмінің саундтрегі үздік музыка сыйлығына ие болды. Александра Касаткина мен Наталья Назаровтың "Дочь" (Қызым) фильмі үздік дебют ретінде ауызға алынды. 

Бәйгеге ұзын саны 15 толық метражды фильм қатысқан екен. "Кинотавр" Сочи қаласында тамыздың 3-10 аралығында өткендігін естеріңізге сала кетелік. Қазылар алқасына Владимир Хотиненко төрағалық қылды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ruskino.ru

("Я буду рядом" (Қасыңдамын) фильмінен көрініс)

1099 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 11 маусым 2012, 00:52
Пікірлер
+0
11 маусым 2012, 07:37

Ресейдің картиналары мықты ғой :roll:

+0
11 маусым 2012, 10:14

Ресейдің фильмдерін мүлдем қармайды екем, ескі, кеңес заманындағы болмаса, онда да тек бірнешесін ғана. ))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...