Гиннесс рекордтар кітабына фильм түсірілмек

Гиннесс рекордтар кітабына фильм түсірілмек

Warner Bros. кинокомпаниясы Гиннесс рекордтар кітабына негізделген қызық оқиғалы фильм түсіруді жоспарлауда, - деп хабарлайды Deadline.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Гиннесс рекордтар кітабын толық метражды фильм түсіруге қолдану үшін кітап баспагерлерінен құқық алу келіссөздері басталған. Фильм сюжетімен Дэнниел Чун айналысуы мүмкін. Бұдан бұрын ол "Офис" және "Симпсондар" сериалдарының сценарийімен жұмыс істеген болатын. Әзірше аталған жобаның форматы қандай болатыны белгісіз, дегенмен ол қызық оқиғалы боевик болады деп күтілуде. Сонымен қатар аталған фильмнің продюсері Бэзил Иваник болуы мүмкін.

Гиннесс рекордтар кітабының алғашқы басылымы 1955 жылы жарық көрген. Мәліметтерге сенетін болсақ, осындай басылым шығару идеясы "Гиннесс" сыра компаниясының басқарушысы Хью Бвериге 1951 жылы келген. Бивер еуропалық өнеркәсіптік құстардың қайсысы ең жылдам екендігіне бәстескен. Ол анықтамалардан жауап табуға тырысқан және сол уақытта толық мағлұмат беретін басылымдардың жоқ екенін анықтаған.

Гиннесс рекодртар кітабының жаңа басылымдары әр жыл сайын шығады және ол әлемнің 30 тілінде жарық көреді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: altyn-orda.kz


Ж. FM