Тимур Бекмамбетовтың "Шыршалар 1914" комедиясы "Астана Опера" театрында түсіріледі

Тимур Бекмамбетовтың "Шыршалар 1914" комедиясы "Астана Опера" театрында түсіріледі

Тимур Бекмамбетовтың "Шыршалар 1914" атты жаңа жылдық комедиясының бірнеше бөлімі "Астана Опера" театрында түсіріледі.

17 қараша күні "Астана Опера" театрында Тимур Бекмамбетовтың жаңа "Шыршалар 1914" атты комедиясының алғашқы және соңғы бөлімдері түсіріледі.

Жалпы сюжет осыдан 100 жыл бұрынғы оқиғаны баяндайды, тек алғашқы және соңғы бөлімдері қазіргі уақытты суреттейді.

"Шыршалар 1914" комедиясымен жұмыс осы жылдың ақпан айында басталған еді. Фильмнің құрамына Ресейдің үлкен және кіші қалаларында, дворяндар және шаруалар мекенінде, би кештері мен Бірінші дүниежүзілік соғыс бойында өтетін алты новелла кіреді.

Сурет: ©Astana Opera

Ф. Абилова