Маусым айында болатын премьералар

Маусым айында болатын премьералар

Назарларыңызға маусым айында шығатын кинолардың топтамасын ұсынамыз.

1. Мадагаскар 3 /Madagascar 3: Europe's Most Wanted/
АҚШ (2012)
Жанры: мультфильм
ТМД-да премьераның басталуы: 7 маусым 2012
Актерлер: Бен Стиллер, Дэвид Швиммер, Фрэнсис МакДорманд, Крис Рок, Джада Пинкетт Смит
Режиссері: Эрик Дарнелл
Фильм жайлыМіне, қайтадан ескі достар мен жаңа оқиғалар. Алекс (жолбарыс), Марти (зебра), Мелман (керік) және Глория (сусиыр) Нью-Йоркке оралу үмітімен кезбе цирктің құрамына кіреді. 

2. Белоснежка и охотник /Snow White and the Huntsman/
АҚШ (2012)
Жанры: боевик, фэнтези
ТМД-да премьераның басталуы: 14 маусым 2012
Актерлер: Кристен Стюарт, Крис Хемсворт, Шарлиз Терон, Иэн МакШейн, Сэм Клафлин, Боб Хоскинс, Эдди Иззард, Рэй Уинстоун, Тоби Джонс, Лили Коул ..
Режиссері: Руперт Сандерс
Фильм жайлы: Түнек қаптады. Тау, орман, тоғайлардың үстінен басып, аспан көктің пердесін тартты. Ешкім де мыңдаған әскермен қорғалатын алып қорғанның тұрғыны Королеваның магиялық айнасынан қашып құтыла алмайды. Бірақ, тек Белоснежкаға теріс күштердің өктемдігі жүрмейді. Сонда Королева қарсыласының жүрегін алуға Аңшыны жібереді, бірақ ол жас сұлуға ғашық болып, қыздың жағына шығады. Ұлы шайқас төнуде...

3. Президент Линкольн: Охотник на вампиров /Abraham Lincoln: Vampire Hunter/
АҚШ (2012)
Жанр: ужас, триллер
ТМД-да премьераның басталуы: 21 маусым 2012
Актерлер: Бенджамин Уокер, Доминик Купер, Энтони Маки, Мэри Элизабет Уинстэд, Руфус Сьюэлл, Алан Тьюдик, Джимми Симпсон, Жаклин Флеминг, Робин МакЛиви, Лаура Кайот
Режиссері: Тимур Бекмамбетов
Фильм жайлы: Бір кездері вампир Джим Стерджесс кішкене Авраам Линкольннің өмірін құтқарған. Содан соң Джим Авраамға вампиризмнің тарихын және жауыз вампирлермен қалай күресу керектігін айтып берді. 

4. Храбрая сердцем /Brave/
АҚШ (2012)
Жанр: мультфильм
ТМД-да премьераның басталуы: 21 маусым 2012
Актерлер: Риз Уизерспун, Эмма Томпсон, Кевин МакКидд, Джули Уолтерс, Билли Коннолли
Режиссері: Марк Эндрюс, Бренда Чэпман
Фильм жайлы: Шотландия тауларының тастары әрқашанда аңыз бен мистикаға толы. Садақшы Медиге өзінің өмірлік жолын өз бетімен таңдау қажет болады. Сонымен ол патшалықтың ежелгі дәстүрлерінен бас тартады, осы әрекетімен ол шотландиялық ең күшті рулық қауымдар мен олардың қолбасшыларына: ебедейсіз лорд МакГаффинге, түнерген Лорд Макинтошка және қазымыр лорд Дингволға қарсылық білдіреді.

5. Лето. Одноклассники. Любовь /LOL/
АҚШ (2012)
Жанр: комедия, драма, мелодрама
ТМД-да премьераның басталуы: 28 маусым 2012
Актерлер: Деми Мур, Эшли Грин, Майли Сайрус, Эшли Хиншоу, Томас Джейн, Дуглас Бут, Джина Гершон, Адам Дж. Севани, Мишель Бёрк, Остин Николс
Режиссері: Лиза Азуэлос
Фильм жайлы: LOL - интернет қолданушылары арасында танымал аббревиатура. Дәл осындай лақап атты Чикагоның маңындағы кішкене қалада тұратын 16 жасар Лола өз достарырынан алған еді. Өмірі қызықты да сәнді кішкене қызда қандай қиындық болуы мүмкін?! Оқу жылының алғашқы күнінде Лоланың жігіті Лоланың көзіне шөп салғанын мойындайды...

Сурет: kinogallery.com, ibnlive.in.com

Ж. FM