Facebook «Ымыртта» кітабының желісі бойынша телехикая түсіреді

Facebook «Ымыртта» кітабының желісі бойынша телехикая түсіреді

Әлеуметтік желі кітап авторы Стефани Майермен және Lionsgate компаниясымен келісімшартқа қол қойды.

Аталған кітаптың 4 бөлімі бойынша түсірілген фильмдер көрерменге жол тартып, ендігі ұмыт бола бастаған еді. Мысалы, бұл киноның табынушылары дәл қазір америкалық қорқынышты жобаларды қарап жүр. Ал Роберт Паттинсонге жанкүйерлерінің өзін Эдвард Каллен деп атайтындары ұнамайды. Фильмнің сөніп бара жатқан отына майды Facebook әлеуметтік желісі құйды.

Жобаны құрастырушылар әйел режиссерлердің арасында сайыс өткізеді. Ал ең үздік сайыскерді желі қолданушылары анықтайды. Жеңімпазға ақшалай сыйлық беріледі.

Әлем қысқа телехикаяны тек келесі жылы көре алады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай