АҚШ-та нағыз Рокки жайлы фильм түсіріледі

АҚШ-та нағыз Рокки жайлы фильм түсіріледі

City of Peace америкалық студиясы спорттық мансабында бір де бір рет жеңіліс тауып көрмеген аңыз боксшы Рокки Марчиано жайлы биографиялық фильм түсірмекші. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлады.

Фильмнің режиссері Дастин Марчеллианоның айтуынша, қаржы мәселесін боксшының мұрагерлері өз мойнына алған. Жобаны ұсынған да солар екен.

Фильм спортшының туған жері Массачусетс штатындағы Броктон қаласында түсіріледі. «Менің әкем қазірге дейін аса ауыр салмақтағы ұлы боксшы саналады. Әкем көзі тірі болғанда оның спорттық өміріне байланысты фильм түсіріп жатқанымыз үшін қуанар еді», – дейді спортшының баласы Рокки Марчиано. Фильмнің түсірілімі қашан басталатындығы мен тұсаукесері қашанға жоспарланғаны әзірге нақтыланбаған.

Рокки Марчиано 1952 және 1956 жылдар аралығында аса ауыр салмақта чемпион болған. Ол 49 рет жұдырықтасып, барлық кездесуде де қарсыластарын жеңіп отырған.

Айта кетейік, әйгілі актер Сильмвестр Сталлоненің ойнаған Рокки Бальбоасы сөз болып отырған спортшының прототипі деген қате түсінік пайда болған. Негізінде Марчианоның емес, Чак Вепнер есімді боксшының Мұхамед Әлимен кездескен жұдырықтасуын көрген Сталлоне ол туралы фильм түсіргісі келеді. Сөйтіп, Чактың прототипін шығаруда «Рокки» деген атаумен түсіріліп кетіп, өмірдегі прототипі Марчиано саналып кеткен. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tofight.ru

А. Құлтай