Брэд Питт пен Анджелина Джоли заңды түрде некелесті

Брэд Питт пен Анджелина Джоли заңды түрде некелесті

«Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Анджелина Джоли заңды түрде некелесті» деп хабарлайды Sky News арнасы жұлдызды жұптың баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып. Атақты жұптың хатшысының сөзі бойынша, некелесу рәсімі сенбі күні 23 тамызда Францияда өткен.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, бұл жаңалықты Брэд Питт пен Анджелина Джолидің баспасөз хатшысы өзінің Twitter парақшасында жариялаған. Хатшының сөзіне сенсек, рәсім 23 тамызда Францияның оңтүстігіндегі Шато Миравальда орналасқан жұлдызды жұпқа тиесілі қамалда өткен.

Бұл ақпаратты  Associated Press те растап отыр. Агенттіктің мәліметі бойынша үйлену тойы кішігірім шіркеуде жұлдыздардың туыстары мен балаларының қатысуымен өткен. Үлкен балалары Мэддокс пен Пакс аналарын жетектеп жүрсе, Захара мен Вивьен гүл күлтелерін шашып өткен. Сегіз жасар Шило мен алты жасар Нокс неке сақиналарын алып жүрген.

Джоли мен Питтің некелесуіне келісімін берген Калифорния соты осы рәсім үшін Францияға арнайы келген. Той дін қызметкерінсіз, бейконфессиялы түрде өткен.

Брэд Питт пен Анджелина Джоли 2005 жылдан бері азаматтық некеде тұрып келген. Олардың қазір алты баласы бар: үшеуін асырап алған. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: kinru.ru

Y. Smaghul