«Рэкетир 2: Кек» фильміне кастинг жарияланды

«Рэкетир 2: Кек» фильміне кастинг жарияланды

Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмінің жалғасы «Рэкетир 2: Кек» фильміне кастинг жарияланады деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Кастинге Қазақстанның барлық тұрғындары қатыса алады. Айрықша талаптар:

Жігіттер: 22-27 жас, шымыр денелі;

Қыздар: 20-25 жас, сүйкімді келбетті;

Кастинг жүргізушілерінің racketeer2@mail.ru поштасына:

  • бет пішіні (тура алдынан және қырынан), жартылай және толық бойымен тік тұрған суреттерді (фотографиялар);
  • туған күні, айы, жылы, тұратын қаласы, бойы, салмағы, білімі, жұмыс істейтін жері, мамандығы, спорттың қай түрімен айналысатындығы, кино, телехикая және роликтерде ойнаған тәжірибелері жазылған анкетаны жіберу керек.

Сонымен қатар, төменде келтірілген әрекеттерді қалай сезінетініңізді бейнелейтін видео жіберуіңіз керек. Видеода алдымен сөзді айтасыз және оны қалай сезінетініңізді көрсетуіңіз керек:

  • Қуаныш;
  • Есеңгіреу (шок);
  • Қызғаныш;
  • Ғашықтық;
  • Шошу;
  • Бақыт;
  • Агрессия (басқыншылық);
  • Бүлікші (стервозность);
  • Ұрыс;
  • Бір эмоциядан басқасына ауысу (бақытты күйден ашуға булығу).

 

Егер актерлік дарыныңыз болса, оны дүйім жұртқа паш етер сәт жақын! Қазақстандық киноның жұлдызына айналыңыз!

Ұйымдастырушылар тарапынан бір ескерту: бұрынғы reketircast@mail.ru поштасы racketeer2@mail.ru поштасына ауысты. Суреттер, анкета, видеоларды осы поштаға жолдаңыздар. Байланыс телефондары: +77015189382, +77015719168.

Сурет: ruskino.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina