2014 жылдың ең қымбат 10 киносы

2014 жылдың ең қымбат 10 киносы

Киноға бөлінген қаржының көлемі неғұрлым қомақты болған сайын жарнама мен спецәсерлер көрнекілігі соғұрлым жанданатыны белгілі. Бұл заманауи кинематограф әлемінің негізгі формуласы. Өнімнің танымалдылығы мен сәтті болуы тікелей осыған байланысты. Кино сюжеті, актердің әртістік шеберлігі, түпкі мән-мағынасы барлығы дерлік салыстырып қарасаңыз екінші орынды иеленіп отыр. 2014 жылы кино саласына келген рекордсмен блокбастерлер болмады, әйткенмен оның саны жылдан жылға ұлғаю үстінде. Төменде 2014 жылдың ең қымбат топ 10 кино жобасы беріліп отыр.

10. «Ниндзя тасбақалары» (Черепашки-ниндзя) Режиссер: Джонатан Либесман. Бюджеті: $125 млн. (Paramount Pictures/Nickelodeon Movies/Platinum Dunes)

9. «Аждаһаны қалай үйретуге болады 2» (Как приручить дракона 2) Режиссер: Дин Деблуа. Бюджеті: $145 млн. (DreamWorks Animation)

8. «Пибоди мырза мен Шерманның оқиғасы» (Приключения мистера Пибоди и Шермана) Режиссер: Роб Минкофф. Бюджеті: $145 млн. (DreamWorks Animation)

7. «Годзилла» Режиссер: Гарет Эдвардс. Бюджеті: $160 млн. (Disruption Entertainment/Legendary Pictures/Toho Company/Warner Bros)

6. «Трансформерлер: Дәуір қырылуы» (Трансформеры: Эпоха истребления) Режиссері: Майкл Бэй. Бюджеті: $165 млн. (Paramount Pictures/Hasbro)

5. «Бірінші кек алушы 2» (Первый мститель 2) Режиссер: Энтони мен Джо Руссо. Бюджеті: $170 млн. (Walt Disney Studios/Motion Pictures)

4. «Болашақтың шекарасы» (Грань будущего) Режиссер: Даг Лайман. Бюджеті: $178 млн. (Village Roadshow Pictures/Warner Bros./3 Arts Entertainment)

3. «Малефисента» Режиссер: Роберт Стромберг. Бюджеті: $180 млн. (Frank Connor/Disney Enterprises)

2. «Жаңа Өрмекші-адам: Жоғары қуат» (Новый Человек-паук: Высокое напряжение). Режиссер: Марк Уэбб. Бюджеті: $200 млн. (Niko Tavernise/Columbia Pictures)

1. «Икс адамдары: Өткен болашақтың күндері» (Люди Икс: Дни минувшего будущего) Бюджеті: $200 млн. (20th Century Fox/Marvel Entertainment/Bad Hat Harry Productions/The Donners’ Company)

Оқи отырыңыз:

Астана туралы фильмдер

«Құлдықтағы он екі жыл» фильміне рецензия

Өмірді өзгерту туралы қызықты мультфильм (Онлайн көру)

«Құлдықтағы 12 жыл» фильмінің актрисасы әлемдегі ең сұлу әйел атанды

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: meownauts.com,news.liga.net

Н. Нұрмаханұлы