Шрек пен Фиона үйленді

Шрек пен Фиона үйленді

Англияның Кингзуинфорд қаласында ерекше үйлену тойы болды. 44 жастағы Аманда мен 39 жастағы Нейтан мультфильм кейіпкерлері Шрек пен Фионаға ұқсауды жөн көрген екен. Бұл тойға қатысқан жастар алдын ала киім тіктіріп, екі жастың қуанышына арналған кешті нағыз ертегі әлеміне айналдырған. 

Аталған жұп қайырымдылық қорына қомақты қаржы жинағысы келгендіктен, осылай жасаған екен. Бұған дейін Аманда мен Нейтанның бірнеше досы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болған. Мистер Гибст «Жүрегімізге ине қадалғандай күй кештік» дейді.

Жоғарыда айтылған тойдың негізгі мақсаты – адамдарға ісіктің өте қатерлі екенін айтып, халықты алдын ала тексерілуге үгіттеу.

Ғашықтардың кездесіп жүргеніне сегіз жыл болыпты. Тойларын қалай өткізетіндігі туралы көп ойланғандығы анық. Олар көп адамның батылы бара бермейтін әрекет жасады. Сондықтан екі жасқа ұзақ ғұмыр мен бақыт тілейік! 

 

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: in2eastafrica.net,english.cri.cn

Н. Нұрмаханұлы