Икс адамдары: Өткен болашақтың күндері

Икс адамдары: Өткен болашақтың күндері

Жылы: 2014

Ел: АҚШ

Режиссері: Брайан Сингер

Сценарий: Саймон Кинберг, Мэттью Вон, Джейн Голдман

Продюсері: Саймон Кинберг, Хатч Паркер, Лорен Шулер Доннер

Операторы: Ньютон Томас Сигел

Композиторы: Джон Оттмен

Қоюшы суретші: Джон Мир, Винсан Жинграс-Либерали, Мишель Лалиберт, Феликс Ларивьер-Шаррон, Луиз Мингенбах, Гордон Сим

Монтаж: Джон Оттмен

Жанр: фантастика, фэнтези, боевик, шытырман оқиға

Қаржысы: $250 000 000

Премьерасы: 22 мамыр, 2014 жыл

Чарльз Ксавьер мен Эрик Леншерр бастаған мутанттар адамдармен бірге өмір сүру құқығы үшін күрес жүргізеді. Чарльз бұл мәселені бейбіт жолмен шешуге болады деп сенсе, Эрик оның бұл ұстанымына қарсы шығады. Тартыс барысында аталған кейіпкерлердің әрқайсысы өз жолын таңдап, бір-біріне қарсы екі лагерьге бөлінеді. Арада біраз уақыт өткен соң, екі топ келеңсіз оқиғаға тап болады. Болашақ өміріне қауіп төнеді. Екі лагерь бұл жағдайда Ксавьердің арқасында шешім табады. Ал шешімнің қандай болғанын өздеріңіз көріп, баға берерсіздер. 

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: vm.ru

Н. Нұрмаханұлы