"Жерден тыс жаңғырық" кино көрсетілімі жуырда әлемнің кинотеатрларында

"Жерден тыс жаңғырық" кино көрсетілімі жуырда әлемнің кинотеатрларында

Дейв Гриннің режиссерлігімен түсірілген ғылыми-фантастика жанрындаға "Жерден тыс жаңғырық" (Earth to Echo) деп аталатын жаңа фильмнің жуырда тұсауы кесілмек. Оның әлемдік премьерасы 2014 жылдың 2 шілдесіне өтеді деп жоспарланған.

Робби Бреннер мен Эндрью Панай ұсынатын кинолента туралы қысқа мәліметке сүйенетін болсақ, Так, Манч және Алекс есімді достар өз ұялы телефондарына белгісіз жолдаманың келгенін көреді. Бұл көмекке зәру біреудің дабылы секілді құпия дыбыс, дегенмен, олар оны аңғарған соң, әзірге ешкімге тіс жармай, өз беттерімен әрекет етуге бел буады.

"Жалпы киноның желісі мен түсірілудегі мақсаты жасөспірімдерге кез келген жағдайда оң шешім қабылдауды, өзіне сенімді болуды үйретету болмақ" – дейді фильмнің режиссері Дейв Грин BBC-ге берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Оксфордтың түлегі Дейв Грин осыған дейін Голливудта шыққан "Отқа оранған құстар" (Fire Birds) мен "Көлік апаты" (Car Trouble) деп аталатын блокбастерлерде режиссерлік етті. Оның келесі толық сюжетті фильмі де қызыққа толы болмақ. Фильмнің еліміздегі алғашқы көрсетілімін асыға күтеміз.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.imdb.com

Ж. Өрісбай