Алматыда Еуропа кино апталығы өтеді

Алматыда Еуропа кино апталығы өтеді

Мамырдың 13-19 аралығында Алматы қаласындағы «Цезарь» кинотеатрында Еуропа киносының апталығы өтеді.

Шара Еуропа мәдениет институттарының бірлестігі (EUNIC Almaty), Олег Борецкий киноклубы, «Цезарь» кинотеатрының ұйымдастырумен өткізіледі. Игі шараны Еуро Одақ өкілеттігі, Чех әуе жолдары, Алматы қаласының әкімшілігі, «Арман-Цезарь» кино желісінің президенті Эрпан Салимов қолдауда.

Алматы қаласының Мәдениет жылы аясында өткізілетін кино апталықта Польша, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Латвия, Венгрия және Швеция мемлекеттерінің ең үздік әрі жаңа кино туындылары көрсетіледі. Шара ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, көрермен қауым назарына ұсынылатын сегіз фильм қазіргі еуропалық бағыттағы өмір мен халықтың тыныс-тіршілігін баяндайды. Фантастика, мелодрама, комедия, тарихи драма т.с.с. жанрларда түсірілген фильмдер қазақстандық көрермендерге Еуропа мәдениетін жаңа қырынан танытпақ.

Жұртшылық назарына ұсынылатын барлық фильмдер орыс тіліндегі субтитрлармен түпнұсқада берілетін болады.

Еуропа кино апталығы «Цезарь» кинотеатрында өтеді. Билет құны – 200 теңге.

13 мамыр, жексенбі күні Еуропа кино апталығының ашылу салтанаты өтеді. Кеш қонағы - танымал венгр актері Иван Феньё.

  • 13 мамыр – 18:00 «Бостандық, Махаббат» (Венгрия)
  • 14 мамыр – 19:00 «Менің Никифорым» (Польша)
  • 15 мамыр – 19:00 «Рига қарауылдары» (Латвия)
  • 16 мамыр – 19:00 «Жер бетіндегі соңғы махаббат» (Ұлыбритания)
  • 17 мамыр – 19:00 «Айлакерлік» (Франция)
  • 18 мамыр – 19:00 «Лила, Лила» (Германия)
  • 19 мамыр – 17:00 «Айқай-шу дыбысы» (Швеция)
  • 19 мамыр – 19:00 «Кешкі уақытта Джулия серуенге шықпайды» (Италия)

Ақпарат көзі: Олег Борецкий киноклубы

Суреттер: vseprokino.kz

Ғ. Ұзақ