Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Алматыда ерекше концерт өтті

Алматыда ерекше концерт өтті

Алматыда ерекше концерт өтті

Алматы қаласының әкімдігі мен Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы Ұлыстың ұлы күні - 22 наурыз қарсаңында Республика сарайында қазақ кино өнері жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған киноконцерт ұйымдастырды. Мерейтой кешінде кеңес дәуірінде көрерменнің қошаметіне бөленген картиналар, сонымен қатар соңғы жылдары жарыққа шыққан сүбелі туындылар сахналанып, сол фильмдерде шырқалған әндер қайта өңделіп, жаңашаланған нұсқаларын қазақ эстрада және кино жұлдыздары орындады. Мерекелік шара ұлттық кинематографияның негізін қалаушылардың бірі де бірегейі, КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі, көрнекті театр және кино актері, ұлттық тұңғыш кинорежиссер, қазақы дүниетанымды экрандық өнерде алғаш бейнелеген ұлы суреткер – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 100 жылдығына арналды.

Кешті Ахметжан Есімов салтанатты түрде ашты. Ал бұдан кейін қазақ кинематографиясының тарихынан сыр шертетін, қазақ қоғамында алғаш түсірілген фильмдер, режиссерлер мен актерлері жайлы шағын бейнеролик көрсетілді.

Көктем көңіл күйіне сай, “Біздің сүйікті дәрігер” фильмінің “Көктемгі вальс” әнін Бибігүл Төлегенова мен Толқын Забирова орындады. Экранда фильмнен эпизод және Бибігүл Төлегенованың сол әнді орындап жатқан сәті көрсетілді.

Фильмде Ермек Серкебаев орындайтын “Над о мной небо синее” әнін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байкенже Белбаев аңыз әншіден кем емес орындап шықты.

  

“Тақиялы періште” фильміндегі жатақханаға келетін эпизод қойылып, ал “Ты куда Одиссей?” әнін бір топ қазақстандық жас актриса орындады.

Ал сол фильмдегі “Я люблю” әнін танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов шебер орындап шықты.

Бұл жолы Тайлақтың рөлін Дәулет Әбдіғаппаров сомдады. Сахнада мини үйлену тойы да қойылды.

Кешке сонымен қатар Шәкен Аймановтың немересі Дина Айманова да атсалысты.

Киноконцертте жұлдыздар тек кеңес одағында түсірілген әндерді орындап қоймай, соңғы жылдары түсірілген фильмдерден де көріністер қойылып, әндер шырқалды. Мысалы, Әнуар Нүрпейісов “Алқызыл қоян жайлы хикая” фильмінің саундтрегін хор сүйемелдеуімен орындады. Ал Асылхан Төлепов “Япурай” әнін шырқап, “Жаужүрек мың бала” фильміндегі махаббат оқиғасын тағы көз алдымызға әкелді.

Балаларға арнап шығарылған “Ер Төстік және Айдаһар” анимациялық мультфильмінің кейіпкерлерін Санжар Мәдиев пен Құралай Анарбекова сахнада сомдап, фильмнен тамаша әнді орындады.

Сонымен қатар, “Шал” фильміндегі қасқырлармен арпалыс көрінісі орын алып, Ерболат Тоғызақов және Еділ Құсайынов дала термесін ерекше жеткізді.

Және “Қазақфильмнің” соңғы жетістіктерінің бірі – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы киноэпопеясын жарыққа шығаруы. Бұл фильмде орындалатын және Елбасының сүйікті әнін “Когда весна придет” әнін Нұрлан Әлімжанов шырқады.

Киноконцерт осылайша түрлі театралды көріністер мен экранда көрсетілген фильмдердегі эпизодтардан құралды. Жалпы фильмде қазақстандық танымал 11 фильмнен әндер шырқалып, көріністер көрсетілді. Концертте аталып өткен әртістерден өзге, Әлихан Ыдырышева, Қарлығаш Мұхамеджанова, Фархат Әбдрайымов,  Төлепберген Байсақалов, Айнұр Ниязова, Әсел Сәдуақасова, Әлия Әнуарбек, Аян Өтепберген, Бибігүл Ақтан, Аша Матай, Дарья Александрова, Салтанат Науруз және т.б. өнер көрсетті.


Кеш соңында композитор Ринат Ғайсиннің туындысы - “Қазақфильмнің” әнұраны орындалды, ал сахна қойылымдарын іске асыруда “Кун-до” сахналық күрес мектебінің жетекшісі Игорь Цай еңбек еткен. Ал жалпы концерттің қоюшы режиссері, әрі продюсері Максим Акбаров. 

Сурет: Анар Мұстафина

Автор: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 22 наурыз 2014, 02:13
Пікірлер
+0
23 наурыз 2014, 00:42

Бара алмағаным өкінішті, кеш керемет ұйымдастырылыпты

+0
26 наурыз 2014, 16:29

Санжарға қарадым да отырдым десең ))) Жалпы біздің қазақтар ұлттық киімде өте әдемі болып кетеді екен, бір-бірінен асып :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.