Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Алматыда бұрын-соңды болмаған киноконцерт өтеді

Алматыда бұрын-соңды болмаған киноконцерт өтеді

Алматыда бұрын-соңды болмаған киноконцерт өтеді

Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде бұрын-соңды болмаған мәдени іс-шара өткелі отыр деп хабарлайды season.kz порталы. Қазақстандық кинематографтар қатысатын айтулы кеш кино майталманы Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналады. 

Киноконцертті ұйымдастырып отырған "Қазақфильм" киностудиясы. Бұл жобаның басты мақсаты – қазақстандық кинематографияның жетістіктерін көрсету, классикадан бастап заманауи фильмдерге дейін сараптама жүргізу.

Бағдарламаға кеңес кезіндегі көрермен жүрегін жаулаған және соңғы жылдары үлкен жетістікке жеткен 11  танымал кинокартина енгізілген. Олар төмендегідей:

"Біздің сүйікті дәрігер"

"Тақиялы періште"

"Қыз-Жібек"

"Транссібір эксперсі"

"Ине"

"Көшбасшы жолы"

"Жау жүрек мың бала"

"Шал"

"Алқызыл қоян туралы ертегі"

"Ер Төстік және Айдахар"

"Астана, махаббатым менің"

Ең сүйікті деген фильміңіздегі әдемі әуендерді Бибігүл Төлегенова, Байқал Белбаев, Нұрлан Әлімжанов, Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Дәулет Әбдіғаппаров, Фархат Әбдірайымов, Ерболат Тоғызақов, Төлепберген Байсақалов, Айнұр Ниязова, Әсел Сәдуақасова, Әнуар Нұрпейісов, Санжар Мәдиев, Асылхан Төлепов, Әлия Ануарбек, Аян Өтепбергенов, Құралай Анарбекова, Бибігүл Ақтан, Аша Матай, Дарья Александрова, Айдана Меденова, Салтанат Наурыз сынды қазақ кино өнерінің жұлдыздары орындайтын болады.

Жобаның қоюшы режиссері – Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясының арт-директоры Максим Акбаров, композиторы – танымал музыкант Ренат Гайсин, продюсері – Игорь Цай. 

20 наурыз күні Республика сарайында өтетін бірегей жобада хореография, вокал, ұлттық музыка, сахналық драма, ең бастысы кино өнері паш етілетін болады. Алматыға ғана емес, бүкіл Қазақстанға абырой сыйлайтын керемет шоу болады деп сенеміз. 

Концертке арнайы шақыру билетпен ғана кіре аласыздар.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kazakhfilmstudios.kz, voxpopuli.kz 

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 наурыз 2014, 12:20
Пікірлер
+0
18 наурыз 2014, 12:38

мен баратын концерт екен... жалпы концертке барғанды ұнатпаймын, бірақ мына жоба мені қатты қызықтырды

+0
18 наурыз 2014, 12:55

Мықты-мықты актерлер қатысады екен... Жастардың талғамынан шығып жүргендер дегенім ғой...

+0
18 наурыз 2014, 13:52

ааа барғым келеді, шақыртуды қайдан алам )))

+0
18 наурыз 2014, 14:06

Айтпақшы баратын болдым :lol:

+0
18 наурыз 2014, 14:27

Қоооойш, қалай таптыңыз билетті?

+0
18 наурыз 2014, 14:51

іздеген табады екен :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.