Қазақстанда жылдамдықты сүйетіндерге арналған фильм прокатқа шығады

Қазақстанда жылдамдықты сүйетіндерге арналған фильм прокатқа шығады

DreamWorks Pictures ұсынып отырған «Need for Speed: Жылдамдыққа ұмтылу» фильмі Electronic Arts видео ойнының негізінде жасалған. Аталған фильм өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы көліктерге арналған туындылардың жалғасы іспетті. Жылдамдық пен боевик жанрындағы фильмдерді жақсы көретін жандарға арналған.


Трейлерінде атыс пен шабысқа толы фильм секілді көрінгенмен, достық пен махаббатқа да орын бар. Фильмдегі басты кейіпкер Тоби Маршалл - автомеханик. Кез келген машинаның құрылысын бес саусағындай біледі. Маршалдар отбасына қиын күндер туған кезде Тоби NASCAR көлік жарысушысы болған Дино Брюстермен қызметтес болады.


Ал Дино атты кейіпкеріміз өз кезегінде Анитаның туған бауырын әрі Тобидің адал досын өлтіреді. Серіктесінің сатқындығына тап болған Тоби екі рет түрмеге отырады. Осы секілді шиеленіскен оқиғалар тізбегінің қалай аяқталатыны құпия қалсын... Фильм музыкасы да ерекше талғаммен таңдалған.


Режиссері – Скотт Во

Продюсерлері - Джон Гэйтинс, Патрик О’Брайэн, Марк Суриан

Басты рөлдерде - Аарон  Пол,  Доминик Купер, Имоджен Путс, Дакота Джонсон, Майкл Китон, Рамон Родригес, Ник Чинланд, Рами Малек, Скотт Мескади, Сэр Маджор


Фильм туралы фактілер:

1. Фильмдегі басты актерлер Аарон Пол мен Доминик Купер Калифорниядағы «Уиллоу Спрингс» мектебінде көлікті жоғары жылдамдықпен айдауды үйренген.

2. Тоби мен Джулияның мемлекетті толығымен аралап шығуға арналған көлігінің қызметін 2013 жылы шыққан GT500 Mustang атқарған.


3. Көрермендер фильм барысында Mustang маркасының 7 авто көлігін көре алады. Бірі қиын трюктерді орындаса, екіншісі қозғалыс кезінде түсіруге арналған. Бұдан өзге ұшақпен көтеруге арналған жеке Mustang болған.

4. Мұнымен қатар, фильмге The Koenigsegg Agera R, Lamborghini Elemento, Spano GTA, Saleen S-7, Bugatti Veyron және McLaren P-1 сынды көліктер қолданылған.


5. Түсірілім барысында Аарон Пол мен Доминик Купердің автокөліктерін атақты көлік жарысына түсушілер Таннер Фауст пен Райс Миллен айдап отырған. Бұдан өзге көліктерді Рич Раттерфорд, Тони Бракохиапа, Брент Флетчер және Пол Далленбах басқарған.

6. Имоджен Путс «Need for Speed: Жылдамдыққа ұмтылу» фильміне түскенге дейін көлік айдап көрмеген екен.

7. Фильм режиссері Скотт Во Тоби Маршаллдың рөлін СтивМакКуинға ұқсайтын актер ойнағанын қалаған.

8. Режиссер Скотт Во мен каскадер Лэнс Гилберт жастайынан бірге өскен. Олардың әкелері Голливудтың атақты каскадерлері болған. Скотт Во ұшақтың рөлінде отырған Скотт Мескадиді жақынырақ түсіру үшін басын қатерге тіккен. Оператордың өміріне қауып төнбес үшін тікұшақтың сыртында тұрып өзі түсірген.


9. «NEED FOR SPEED: Жылдамдыққа ұмтылу» фильмі Солтүстік Американың Мендосино және Бонневилл округі, Сан-франциско, Калифорния, Мейкон, Алабама, Стоун Маунтэн, Джорджия, Айдахо, Моав, Юта және Финикс штаттары, Чаттахуучи өзенінің үстіндегі 13thSt. Bridge көпірі,  Детройт қаласы, Колорадо өзенінің үстіндегі FossilPoint  елді мекені сынды жерлерінде түсірілген.

10. Басты кейіпкер Аарон Пол «Қиындық» телехикаясында сомдаған рөлі үшін «Эмми» сыйлығына ие болған.

11. Джон мен Джордж Гэйтинсондар – туған ағайындылар. Джон – продюсер, ал Джордж сценарий жазады. Екеуі де «NEED FOR SPEED: Жылдамдыққа ұмтылу» фильм сюжетінің авторлары ретінде көрсетілген.


12. Кино саласында маманға айналған Гэйтинсондар автокөліктерді жақсы көреді. Тіпті классикалық үлгідегі автоларды қалпына келтірумен айналысады.

13. 1966 жылы Джон Гейтинсонның алғашқы көлігі Mustang болған.

14. Әлемге 140 миллион тиражбен таралған «NEED FOR SPEED» ойыны ең алғаш 1994 жылы шыққан. 60 мемлекетте 22 тілге аударылып сатылған.


«Скотт бізге түрлі трюктерді жасаумен қатар актерлік шеберлігімізді шыңдауға көмектесті. Көлікпен түрлі әрекеттер жасап 180°-қа бұрылуды үйретті. Жылдамдық технологиясын тәптіштеп түсіндірді», - дейді Аарон Пол.

Түсірілім барысында әр машинаға жеке құрылғылар орнатылуы керек болатын. Бір көліктің құны 2-3 миллионды құрайтын болғандықтан, оларға титтей де зақым келтіруге тыйым салынды. Киноматографтар дублер-машиналар жасауға мәжбүр болды. Қуаныштарына орай, көлік құрастырушылары машинаның жобасын киноматогрофистерге ұсынған. Бұдан өзге қашықтықтан басқаруға болатын көліктер болған. Оларды каскадерлер басқарып отырған кезде рөлде отырған актерлер диалогтерін еркін жүргізген.


Картина көліктің жылдам жүруі адамға байланысты екенін дәлелдейді. Фильм еліміздегі кинотеатрларда 13 наурыздан бастап көрсетіледі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kinopoisk.ru

Қ. Бүйенбай