Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / 8 наурызға сыйлық – "Абайлаңыз, сиыр!"

8 наурызға сыйлық – "Абайлаңыз, сиыр!"

8 наурызға сыйлық –

Көрермен көп күткен "Абайлаңыз, сиыр!" отандық комедиясы кеше, Алматыдағы Есентай молл ойын-сауық кешенінде бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы қонақтарға алдын ала көрсетілді.

Көрсетілімде Сәкен Майғазиев, Айгүл Иманбаева, "KeshYOU" тобы, "ВИА Асыл" тобы және тағы басқа отандық өнер жұлдыздары бой көрсетті. 

"Абайлаңыз, сиыр!" фильмін "Shine production" продюсерлік орталығы түсірген. Бюджеті 500 мың долларды құрайтын фильм режиссері – Асқар Ұзабаев, продюсері – Баян Есентаева.

"Абайлаңыз, сиыр!" отандық комедиясы көрерменді 90 жылдарға апарады. Жоғары оқу орындарының бірінде оқитын Айгүл есімді қызды Баян Есентаеваның өзі сомдаған. Айгүл – сырт келбеті шамадан тыс толық келген, ешкімге арамдық ойламайтын, жүрегі нәзік қыз. Өзі топтасы Мәрленге ғашық. Бірақ тағы бір топтасы Айгерім Айгүлдің Мәрленге жазған ғашықтық хатын тауып алып, бүкіл топтың көзінше хатты дауыстап оқып, Айгүлді мазақ қылады.

Айгүлдің шамадан тыс толықтығы оған "Сиыр" деген ат береді. Топтастары оны "Сиыр" деп шақырып, Айгүлмен "Сиыр" деп қана сөйлеседі.

Бірақ "Сиырдың" ерік-жігері осал болмай шығады. "Бәріңе көрсетем!" деп кіжініп, толық, ұсқынсыз қыздан сұлу, сәтті бикешке айналады. 

Фильм арқалаған тағы бір жүк – әйел құқығын қорғау. "Әйелді бастан" деген қазақтың таным-түсінігін түбегейлі өзгертпесе де, нәзік жандыға лайықты құрмет көрсетіп, оған құлындай қарамауға шақыру. 

Айгүлдің жиналыстан "арқаланып" келген әйелінің күйеуіне айтқан мына бір сөзі залға сыймаған көрерменнің ду күлкісін туғызды:

"– Сен маған неге гүл алмайсың, а?

– Сен маған гүл ал деп айттың ба? Огородта толып тұр ғой!"

Айтпақшы, ауыздан-ауызға тарап, анекдотқа айналған "Патамушта, патамушта" да өз орнымен ұтымды айтылды...

Мұндай тапқыр тұстардың боямасыз берілуі көңілді көншітеді. Бір қарағанда жеңіл, күлкілі комедия болғанымен, астарына үңілген жанның қабырғаны қақсататын проблемаларды көретіні анық. Әкімнің парақорлығы, ауылдағы қаржының тапшылығы, сәні кетіп, қираған үйлер... "Баяғы жартас – бір жартас" демекші, бұл тұрғыда өткен ғасырдан бері өзгермей тұрған кейбір қираған ауылдарға ауылдан шықпаған Баян ханым ел назарын аударғысы келген сияқты.  

Дегенмен, сюжетте түсініспеушілік тудырған оқиғалар да жоқ емес. Фильм жазда түсірілсе де, Жаңа жылда есімізге түсетін әсемделген шырша романтикалық атмосфера беру үшін қойылған деп түсінейік. Ал қазақтың көз алдына ибалы келін ретінде келетін Айгүл Иманбаеваның Айгерімді сомдау барысында Мәрленге ерсіленіп, сұқ саусағын шошайтып кете баруы, аяулы келіннің бейнесін быт-шыт қылды. Басқа, басқа, қазаққа қадірлі ұғым – "келін" бейнесіндегі Иманбаева ибадан аттамауы керек еді деп ойладық. 

Бірақ бұл кемшіліктерді актерлердің шеберлігі толығымен жуып-шайды. Сізге бұдан да зорғысын айтайық, фильмде жасанды ойнап, жиіркеніш тудырған бірде-бір актер жоқ! Бұл тұрғыда фильмді көші түзеліп келе жатқан қазақ киносындағы жаңалық десек, жарасатындай. Әсіресе, Мәрлен рөлін алып шыққан Азамат Сатыбалдының актерлік шеберлігін айтпай кетуге болмас. 

Фильм туралы продюсер Баян Есентаеваның өзі былай дейді:

"Басты кейіпкер Айгүлдің мақсаты – депутат мәртебесі емес, түптің түбінде адам боп қалу. Маған көбі "Фильм неге бұлай аталады?" деп риза болмай, ренжіп жатады. Мен адамға қуат беретін не нәрсе екенін көрсеткім келді. Көп жағдайда адамның махаббаты ызадан туады. Әкесі әлпештеп, анасы алақанына салған қызды топтағы сері жігіт ұнатпайды. Бірақ ол "Мен шын мәнінде ондай емес, басқамын" деп, сері жігітке "Міне, мен осындаймын! Менің мұнай компаниям бар" деп айту үшін, өзін дәлелдеу үшін өмір бойы күреседі. Бірақ жан дүниесі жалғыз, жараланғыш, дәл сол Айгүл болып қала берді. 20 жылдың жүзінде осы бір ашу-ызасы оған қанат беріп, ақырында өзге адамға айналдырса да, соңында бұның бәрінің бос далбаса екенін, Мәрлен оның адамы емес екенін түсінеді".  

Сөз соңында "Абайлаңыз, сиыр!" алда келе жатқан 8 наурызға таптырмас сыйлық болады демекпіз.

Фильм Қазақстанның барлық кинотеатрынан бүгін, яғни, 6 наурыздан бастап көрсетіледі. 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Мейіргүл Оңғарова

Қосылған күні: 06 наурыз 2014, 07:57
Пікірлер
+0
06 наурыз 2014, 10:13

Негізі, кино жаман емес. Әзілдері ұтымды. Ауыл тынысын, болмысын көрсете алды. Бірақ, кинодағы кейбір сәттер, расында да, артық болды. Кино көрсетілімнен кейін болған баспасөз отырысында режиссер бұл фильм алдағы күндері 7 серия болып шығатынын айтты. Не болса да, фильм қызықты. Және ол толық қыздар туралы емес. Солай))

+0
06 наурыз 2014, 10:37

жазбада бәрі жазылып қойған соң ба көргім келмей қалды :D

+0
06 наурыз 2014, 10:49

маған ұнамады, мен басқа нәрсе күтіп ем

+0
06 наурыз 2014, 10:53

Эдди Мерфидің Чокнутый профессоры және Мартин Лоуренстің Үлкен мамасы еске түсіп кетті :idea:

+0
06 наурыз 2014, 10:58

Ал, меніңше бұл 200 пудовая красотка деге корей фильміне ұқсаған. Бірақ Баянды өз басым мойындаймын! :mrgreen:

+0
06 наурыз 2014, 13:51

скатина ма не шыныменде скатина

+0
07 наурыз 2014, 00:56

көру керек екен, көңіл-күйді көтеруге жақсы сияқты ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.