Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Ермек Тұрсынов наурызда жаңа фильм ұсынады

Ермек Тұрсынов наурызда жаңа фильм ұсынады

Ермек Тұрсынов наурызда жаңа фильм ұсынады

Танымал қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсынов «Кемпір» жаңа картинасының түсіру жұмыстарын аяқтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автор картинаның есті әрі мейірімді қалжыңға толы болатынын айтты. Ал жалпы сюжетті режиссер құпияда ұстап отыр. «Жұрттың қызығушылығын оятқым келеді, жұрттың бәрі киноға арнайы барып, көңіл көтеріп қайтқанын қалаймын. Кино ел аузындағы әзіл-қалжыңға негізделген, әзіл-оспағы табиғаты жағынан «Махаббат және кептерлер» фильміне ұқсас, бірақ қазақша. Әзілі бәріне ортақ, жастар да, қарттар да күліп қайта алады. Орынсыз әзіл немесе анайы, әдепсіз көріністер жоқ, мейірімді комедия», - дейді Тұрсынов.

«Кемпір» картинасы кинотеатрлардан Наурыз мейрамында көрсетіле бастайды деп күтілуде. Басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қадырбек Демесін және Ғазиза Әбдінабиева сомдаған. Түсірілімге, сондай-ақ, Асанәлі Әшімов те қатысқан. «Мұны не үшін жасап жатырмын? Қазір жұрттың жағдайы мәз емес. Ал бұл ісім – адамдарды біраз демеп, көңіл-күйлерін көтеруге деген талпыныс. Сонымен қатар, 22 наурыз мерекесіне тарту», - деді режиссер.

Айта кетейік, «Кемпір» фильмінің түсірілімі 2013 жылдың жаз-күз мезгілінде Алматы қаласы және Алматы облысында жүргізілді. Бұған дейін фильмнің «Қалай болды? Немесе қазақша форс-мажор» деген атпен ұсынылады деп жоспарланғандығын да айта кетейік.

Сурет: brod.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

1909 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 27 ақпан 2014, 09:44
Пікірлер
+0
27 ақпан 2014, 14:27

О-о, мейірімді комедия дегесін-ақ көруге құмарта қалдым. Асыға күтемін. :D

+0
03 наурыз 2014, 19:45

Бірінші боп көруге даярмын, бұл фильм не ұсынар екен? Не шу шығарар екен деген ой қызығырақ

+0
07 наурыз 2014, 11:27

Бұл фильмді Түркістан қаласына келіп көрсеткен болатын 2013 жылдың күзінде. Қызық кино. Көруге тұрарлық.

+0
07 наурыз 2014, 11:38

"Шал" мен "Кемпір" болады деңізші)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...