Ақпан айының басты кинопремьералары

Ақпан айының басты кинопремьералары

Дайындалыңыздар, ақпан айы жүлделі немесе номинацияға іліккен кинопремьераларға бай болады. Таңдау өз еркіңізде, алайда бәріне барамын деп ойласаңыз – кинотеатрда өмір сүру керек болады. Сонымен, ақпан айының кинопремьералары.

«Уолл-стрит қасқыры» (The Wolf of Wall Street)

Ақпан айының бірінші аптасында Скорсезенің Леонардо Ди Каприо түскен – «Уолл-стрит қасқыры» фильмі жарыққа шығады. Лео фильмдегі басты рөлі үшін бірнеше жүлде алып үлгерді, бірақ «Оскар» ала ма — бұл сұрақ бәрін мазалауда!

Фильм өмірде болған адамның хикаясы негізінде түсірілген. Джордан Белфорт 1987 жылы ірі брокерлік кеңсенің негізін қалайды, алайда он жылдан кейін ақша жымқырды және тағы басқа қаржылық қылмыстар жасады деген айыпталулармен сотталды.

«Мына ыңғайсыз сәт» (That Awkward Moment)



«Мына ыңғайсыз сәт» комедиясын Зак Эфронның жанкүйерлері көптен күтіп жүр. Шынында, фильмде одан басқа іліп аларлық ештеңе жоқ сияқты – өйткені фильм мезі қылған сюжеттен тұрады: Манхэттендік үш достың біреуін қызы тастап кеткеннен кейін қалайда үйленбеудің амалдарын қарастырады. Алайда бір күні олар ғашық болып қалады...

«Америкалық сергелдең» (American Hustle)


Ұраны: «Everyone Hustles To Survive»

Криминалдық комедияның сюжетіне романтиканың иісі тіпті бармайды. Бірақ картина керемет актерлік құраммен көз тартады — Кристиан Бэй, Брэдли Купер, Эми Адамс, Джереми Реннер, Дженнифер Лоуренс.

Сюжетке келер болсақ, мұнда да 70 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басында шын өмірде өткізілген ФБР арнайы операциясы оқиғасы негіз болған. Агенттік өз қызметкерлерін қылмыстық топтардың арасына, ұрланып әкелінген шедеврлерді сатып алып, Таяу Шығыс байларына сататын делдал ретінде іске кірістіреді.  Нәтижесінде операция түрлі деңгейдегі жемқорлықты әшкерелеуге айналады.

«Ерсек: Бөлім 1» (Nymphomaniac)


Ұраны: «Махаббатты ұмыт»

Ларс фон Триердің шығармасы эротикалық мазмұнда, сол себепті 18+ деген шектеу алған.

Сюжет Джо есімді әйелдің өмірін суреттейді. Ол елу жасқа дейін өз-өзін ерсекпін (нимфомания) деп санап келеді, сондықтан өмірі эротикалық уайымға толы болады.

«РобоКоп» (RoboCop)


Ұраны: «Жауыздықтың мүмкіндігі жоқ»

Франшиза режиссер Пол Верховеннің 1987 жылғы фантастикалық боевигіне толықтай негізделген. Естеріңізге салайық: болашақ, 2029 жыл. OmniCorp деген көпұлтты конгломерат біреу робототехника саласындағы зерттеулерді басқарып, әскери дрондарды шығарады. Бір күні олар адамға робототехникалық тәжірибе жасап көруді шешеді. Және бұған жаралы полиция қызметкері Алекс Мерфи жарай кетеді.

Бұл жолы Робокоптың рөлін Джоэл Киннаман сомдайды, ал басты қарсыластың рөлі Гэри Олдманның еншісінде.

«Қыс ертегісі» (Winter's Tale)


Ұраны: «This is not a true story. This is true love»

Фильм оқиғасы XIX ғасыр мен Манхэттенде бір уақытта өтіп жатады.

«Қазына аңдушылар» (The Monuments Men)


Ұраны: «Өнер тарихындағы ең ірі тонау»

Джордж Клунидің тағы бір режиссерлік туындысы. Бұл фильмде ол өзі продюсер, өзі сценарист, өзі басты рөлде. Өзінен басқа Клуни Мэтт Дэймон, Билл Мюррей, Джон Гудман және Кейт Бланшетт сынды жұлдыздарды топтастырған.

Бұл фильм де Екінші Дүниежүзілік Соғыс жылдары болған оқиға негізінде түсірілген. Өнертанушылар мен мұражай қорғаушыларынан тұратын команда ұлтшылдар ұрлап әкеткен қазыналарды аман алып қалу үшін бәрін істейді.

«Жалғыз аман қалған» (Lone Survivor)


Ұраны: «Live to Tell the Story»

Марк Уолберг жасағымен ауғандық талибтердің қақпанына түсіп қалған америкалық спецназдың рөлінде. Ұрыс нәтижесінде Уолбергтің кейіпкері ғана аман қалады, ендігі мақсаты өз адамдарына аман-есен жету.

«Ив Сен Лоран» (Yves Saint Laurent)


Париж, қаңтар 1958 жыл. Ив Сен Лоран 21 жасында жақында қайтыс болған Кристиан Диор басқарған үлкен сән үйлерін басқаруға ойда жоқта ұсыныс алады.

«Далласстық сатып алушылар клубы» (Dallas Buyers Club)


Ұраны: «Dare to Live»

Түрлі жүлде алып, номинацияларға іліккен тағы бір фильм - «Далласстық сатып алушылар клубы». Басты рөлдерде Мэттью МакКонахи, Дженнифер Гарнер және трансвестит болып ойнайтын Джаред Лето. Және бұл жолы да сюжетке техасстық электриктің өмірде болған оқиғасы негіз болған. 1986 жылы ЖИТС-ке шалдыққан Рон Вудруфқа дәрігерлер жарты жыл өмірің қалды деген суық хабар айтады. Алайда, дәстүрлі емес медицинаның арқасында одан да ұзақ өмір сүріп, дәрілерді басқа ауруларға сату арқылы заңсыз бизнес ашып, пайдаға кенеледі.

«Оныкі» (Her)

Актрисалардың бір топ шоқжұлдызы — Скарлетт Йоханссон, Эми Адамс, Руни Мара, Оливия Уайлд және Хоакин Феникс «Оныкі» комедиясына түскен. Фильм епсіз жазушының компьютердің операциялық жүйесімен романы жайлы сыр шертеді.

«Құдай болу қиын»


Алексей Герман «Құдай болу қиынды» Аркадий мен Борис Стругацкийдің ғылыми-фантастикалық повесі шыққаннан кейін төрт жылдан соң, сонау 1968 жылы түсірмек болған. Бірақ фильм түсіруге тек 1999 жылы кіріседі, ал оны режиссердің ұлы аяқтайды. Орысша ғылыми-фантастиканы тамашалап көріңіздер.

«Лего. Фильм» (The Lego Movie)


Ақпан айында кішкентай көрермендер үшін басты премьера - «Лего. Фильм». Жарқын, шытырманға толы, қызық кейіпкерлері бар. Бірақ балаларды бұл фильмге ертіп апарсаңыз, бұл Легоның ең ұзақ жарнамасы екенін біліңіз – сондықтан, фильм аяқталған соң балаңыздың конструктор сатып әпер деген талабына дайын болыңыз.

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina