Винни-Пухтың өмір сүру қағидалары

Винни-Пухтың өмір сүру қағидалары

1882 жылы қаңтар айында Винни-Пухтың «әкесі», жазушы Алан Александр Милн дүниеге келді. Ол күлкілі қонжық туралы шығармасын Кристофер Робин атты ұлы үшін жазған екен. Әрине бұл ертегінің бір күні әлемге танымал болатыны жайында ойлап жатудың өзі артық еді. Арада қаншама жыл өтіп, автор өмірден өтсе де, Винни бейнесі қартаймады. Кішкентай ғана сүйкімді қонжықты балалар әлі күнге жақсы көреді. Виннимен өскен балалар есейген соң да жадынан шығарған емес. Әлемдегі қаншама баланың сүйікті кейіпкерін жасай білген тамаша автордың туған күні құрметіне Винни-Пух және оның достарының өмір сүру қағидаларын ұсынамыз.

1. Бір баста азын-аулақ ақыл бар, бір баста түкте жоқ. Бірақ бәрібір еш нәрсе істей алмайсың.

2. Сен менің басымда ағаш үгінділері бар екенін ұмытпа. Көп сөз менің жыныма тиеді.

3. Өзің білесің, орманға қарай кім көрінгенді жібере беруге болмайды.

4. Әр қадамын бақылап жүрген адам – не бар адам, не жоқ адам. Сондықтан бұл жерде қателесуге болмайды.

5. Оның кішкентай әуе шары бар болып тұрған кезде, ешкімнің қайғыруына болмайды.

6. Қалай ыңғайлы болса, солай істеу керек. Ал егер олай істеу қажетсіз болса, істемеу керек!

7. Қарныңды тойдыра тамақтанып алғасын қонақтықтан тез кетіп қалу – мәдениеттілік емес.

8. Қаншама адам бассыз өмір сүріп жүргенде, маған өлім жазасы қорқынышты емес.

9. Білесің бе, балақай, пошта жеткізуші адамды саусағыңмен нұсқап көрсету әдептілікке жатпайды.

10. Қонаққа бару деген жәй ғана нәрсе емес! Қонаққа барғанда ең бастысы ештеңе қаламағандай кейіп таныту қажет.

11. Егер сен ең кішкентай тіршілік иесі болсаң, батылырақ болу қиынға соғады.

12. Қарағанның есін тандыратын, әдемі киіміңнен не пайда? Егер ешкім ол туралы сенімен әңгімелеспейтін болса.

13. Өлең жазудың ең оңтайлы тәсілі – ол қайда барғысы келсе сол жерге бірге бару.

14. Қоянның миы шынымен бар деп ойлаймын. Шамасы, ол сондықтан да ештеңе түсінбейтін шығар!

15. Егер сен ұзақ уақыт далада жүріп, тоңып келе жатқанда алдыңнан бір танысың шығып: «Сәлем, Пух! Айтпақшы, тамақтанып алар уақытқа тура келдің!», - десе, қандай тамаша!

16. «Мен» деген не мағына береді? «Меннің» түрлі мағынасы болады ғой!

17. Тіпті, Айға да барлық уақыт мұрнымен төмен қарап жату міндетті емес.

18. Күтпеген жағдай – өте қызықты әзіл. Ол ылғи да күтпеген жерде орын алады.

19. Торуылдау – бұл тосын сый секілді.

20. Сайып келгенде туған күн деген не? Бүгін бар да, ертең жоқ.

21. Байқамай түйетікеннің үстіне отырып қалғанда тұрған ештеңе жоқ. Ол біздің жынымызға тиіп, үстемдігін көрсеткісі келсе де, балғындығын бұзып алады. Яғни, өзінің бастапқы кейпінен ажырайды. Достарым менің, бұны ұмытпаңыздар.

22. Егер кімде-кім тым көп секірсе, бір күні бір нәрсеге ұшырары анық.

23. Егер бізге үйіміз құлаған теректей көріне бастаса, тез арада мекенжай ауыстыру керек деген сөз.

24. Егер екеумізге бірге бола алмайтын күн туса, мені жүрегіңе сақтап ал. Мен ол жерде мәңгілікке қала берімін.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mamanur.ru

Н. Айдархан