Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Алтын глобус 2014» жеңімпаздары анықталды

«Алтын глобус 2014» жеңімпаздары анықталды

«Алтын глобус 2014» жеңімпаздары анықталды

Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы сағат 08:00-де кинематография маусымының басты шараларының бірі – «Алтын глобус» басталды. Шетел баспасөз Қауымдастығының (HFPA) марапаттау салтанаты осымен 71-рет өтіп отыр. 2014 жылы Стив МакКуиннің «Құлдықтағы 12 жыл» мен Дэвид О.Расселдің «Америкалық сергелдең» фильмдері номинацияға ілігуі бойынша көш бастап тұр. Бірінші таспа «Үздік драма» ретінде жеңіп шықса, екіншісі басқа категориялар бойынша оза шапты, соның ішінде «Үздік комедия немесе мюзикл» жүлдесін иеленді.

«Алтын глобусты» көбі «Оскар» алдындағы дайындық деп есептейді. Шынымен де, глобустың нәтижесі кейін Америкалық киноакадемияның жеңімпаздарымен сәйкес келіп жатады, алайда марапатты әртүрлі ұйымдар сыйлайды. Бірінші жағдайда – Голливудта жұмыс істейтін 85 шетел журналисті тағайындаса, екіншісінде – түрлі кинематография саласында қызмет атқаратын алты мыңға жуық маман ойларымен бөліседі.

Іріктеумен америкалықтар айналыспайтындықтан, Академияның бәйгесіне қарағанда «Алтын глобуста» европалық кинематографистердің жеңіске жету мүмкіндігі молырақ. 2014 жылы Қауымдастық мүсінге дәмелі «Сарай қызметшісі» және «Бэнкс мырзаны құтқару» сынды картиналарды айналып өткені байқалады, есесіне Стивен Фрирздың «Филомена» британдық фильмі бәйгеге таласты, ал неміс актері Даниэль Брюль «Гонка» фильмі үшін «Екінші пландағы үздік еркек рөлі» номинациясында таласқа түсті.

Салтанатты кешті былтырғыдай Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.

Төменде кино саласындағы номинанттар мен жеңімпаздар тізімі келтірілген:

Үздік драмалық фильм:

«Құлдықтағы 12 жыл» - ЖЕҢІМПАЗ
«Гонка»
«Гравитация»
«Капитан Филлипс»
«Филомена»

Үздік комедия немесе мюзикл:

«Америкалық сергелдең» - ЖЕҢІМПАЗ
«Льюин Дэвистің ішінде»
«Уолл-стрит қасқыры»
«Небраска»
«Оныкі»

Үздік драмалық еркек рөлі:

Идрис Эльба — «Бостандыққа дейінгі ұзақ жол»
Мэттью МакКонахи — «Далласстық сатып алушылар клубы» - ЖЕҢІМПАЗ
Роберт Редфорд — «Үміт үзілмейді»
Том Хэнкс — «Капитан Филлипс»
Чиветель Эджиофор — «Құлдықтағы 12 жыл»

Үздік еркек рөлі – комедия немесе мюзикл:

Брюс Дерн — «Небраска»
Кристиан Бэйл — «Америкалық сергелдең»
Леонардо ДиКаприо — «Уолл-стрит қасқыры» - ЖЕҢІМПАЗ
Оскар Айзек — «Льюин Дэвистің ішінде»
Хоакин Феникс — «Оныкі»

Үздік драмалық әйел рөлі:

Джуди Денч — «Филомена»
Кейт Бланшетт — «Жасмин» - ЖЕҢІМПАЗ
Кейт Уинслет — «Еңбек күні»
Сандра Буллок — «Гравитация»
Эмма Томпсон — «Мистер Бэнксты құтқару»

Үздік әйел рөлі – комедия немесе мюзикл:

Грета Гервиг — «Сүйкімді Фрэнсис»
Джулия Луис-Дрейфус — «Сөз - жеткілікті»
Жюли Дельпи — «Жарым түн алдында»
Мэрил Стрип — «Тамыз»
Эми Адамс — «Америкалық сергелдең» - ЖЕҢІМПАЗ

Екінші пландағы үздік еркек рөлі:

Баркхад Абди — «Капитан Филлипс»
Брэдли Купер — «Америкалық сергелдең»
Даниэль Брюль — «Гонка»
Джаред Лето — «Далласстық сатып алушылар клубы» - ЖЕҢІМПАЗ
Майкл Фассбендер — «Құлдықтағы 12 жыл»

Екінші пландағы үздік әйел рөлі:

Дженнифер Лоуренс — «Америкалық сергелдең» - ЖЕҢІМПАЗ
Джулия Робертс — «Тамыз»
Джун Скуиб — «Небраска»
Лупита Нионго — «Құлдықтағы 12 жыл»
Салли Хокинс — «Жасмин»

Үздік режиссер:

Александр Пэйн — «Небраска»
Альфонсо Куарон — «Гравитация» - ЖЕҢІМПАЗ
Дэвид О. Расселл — «Америкалық сергелдең»
Пол Гринграсс — «Капитан Филлипс»
Стив МакКуин — «Құлдықтағы 12 жыл»

Үздік сценарий:

Спайк Джонс — «Оныкі» - ЖЕҢІМПАЗ
Боб Нельсон — «Небраска»
Джефф Поуп пен Стив Куган — «Филомена»
Джон Ридли — «Құлдықтағы 12 жыл»
Эрик Уоррен Сингер мен Дэвид О. Расселл — «Америкалық сергелдең»

Үздік шетел фильмі:

«Ұлы әсемдік» - ЖЕҢІМПАЗ
«Жел күшеюде»
«Адельдің өмірі»
«Аңшылық»
«Өткен»

Үздік анимациялық фильм:

«Сұмпайы мен 2»
«Суық жүрек» - ЖЕҢІМПАЗ
«Крудстар отбасы»

Үздік әуен:

«Құлдықтағы 12 жыл»
«Кітап ұрлаушы»
«Гравитация»
«Бостандыққа дейінгі ұзақ жол» 
«Үміт үзілмейді» - ЖЕҢІМПАЗ

Үздік ән:

«Atlas», Coldplay — «Аш ойындар»
«Let It Go», Идина Мензел — «Суық жүрек»
«Ordinary Love», U2 — «Бостандыққа дейінгі ұзақ жол» - ЖЕҢІМПАЗ
«Sweeter Than Fiction», Тейлор Свифт — «Армандар орындалады»
«Please Mr. Kennedy», Оскар Айзек, Джастин Тимберлэйк, Адам Драйвер — «Льюин Дэвистің ішінде».

Сурет: kinopoisk.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 13 қаңтар 2014, 12:39
Пікірлер
+0
13 қаңтар 2014, 13:51

Үздік еркек рөлін Леонардо ДиКаприо алғанына қуаныштымын...

+0
13 қаңтар 2014, 14:29

мен де, сонда мұндағы атақтар "Оскарда" ескеріле ме?

+0
13 қаңтар 2014, 18:25

енді оскар алса ғой)

+0
14 қаңтар 2014, 00:24

Семейка крудсты нечаянно көргем,ұнады)

+0
14 қаңтар 2014, 00:47

12 жылдық құлдықты көрмеппін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.