2014 жылы көрсетілетін фильмдер

2014 жылы көрсетілетін фильмдер

Өткен жылан жылында көрермен көзайымына айналған фильмдердің тізімін ұсыған болатынбыз. Бүгін әлемдегі барлық киносүйер қауым асыға күтіп жүрген, өзіндік жаңалығымен ерекшеленетін, айтары бар және ең таңдаулы режисерлердің қолынан шығатын, сценариі ұзақ уақыт жазылып, бірнеше жыл бойы түсірілген фильмдер туралы айтпақпыз. Бұл фильмдерді танымын кеңейткісі келетін әрбір заманауи адам көру керек. Сондықтан кино өмір сүретін үйлерді бақылаудан шығарып алмаңыз.

Әрине, әрбіріміздің сүйікті жанрымыз, актерларымыз, режисерларымыз бар. Алайда, тізімдегі фильмдер жасқа, жынысқа қарамастан барлықтарыңызға ұнайды деген сенімдеміз.

Мәселен, фантастикалық жанрды ұнататындар  Питер Джексонның трилогиясының соңғы бөлімі: "Хоббит: Бару және қайту" ("Хоббит: Туда и обратно"), таңғажайып қаһарман бейнесін қиялдайтындар "Бірінші кек алушы 2" ("Первый мститель 2"), "Икс адамдары: Өткен болашақтың күндері" («Люди Икс: Дни минувшего будущего») және "Жаңа Өрмекші-адам": Жоғары қуат" («Новый Человек-паук: Высокое напряжение») фильмдерін, комедия сүйер қауым "Мұражайдағы түн 3" (Ночь в музее 3»), "Қояннан да жылдам" ("Быстрее, чем кролики") фильмдерін, мультфильмді ұнататындар "Аждаһаны қалай үйретуге болады 2" ("Как приручить дракона 2") сынды үздік туындыларды тамашалай алады.

Бәрін айт та бірін айт, режисер Роберт Стромбергтің "Малефисента" атты фантастикалық фильмі биылғы жылы көрсетіледі. Фильмде басты рөлді Анджелина Джоли сомдайды. Бұл туындының түсірілім жұмыстары 2009 жылы басталған. Брэд Берд "Ұйқыдағы ару" мультфильмінің желісімен фильм түсіруді жоспарлайды, 2010 жылы бұл істі Тим Бертен жалғастыратын болды, онан кейінгі жылдары екі бірдей режисер ауысып, соңында Роберт қалды. Ол "Аватар" фильмінің дизайнері болған екен.

2014 жылдан ерекше күтілетін тағы бір фильм "Робокалипсис" деп аталады. Картинаны режисер Стивен Спилберг Дэниел Уилсонның кітабының желісімен түсірген. Оқиға болашақта өтіп жатады: адамдардың өмірінде роботтар ерекше қызмет атқарады, олар көлік жүргізеді, тамақ жасауға көмектеседі. Бұл үдеріс одан әрмен жалғасады, белгілі ғалым сезім мүшесі бар және ақылы-ойы дамыған роботты жасап шығарады. Енді адамзат құрып кету алдында тұр...

Толық тізім мынадай:

"Уолтер Миттидің жұмбақ өмірі" ("Тайная жизнь Уолтера Митти") – қаңтар

"47 ронин" ("47 ронинов") – қаңтар

"Емші: Авиценаның шәкірті" ("Лекарь: Ученик Авиценны") – қаңтар

"Ескерткіш-адамдар" ("Люди-памятники") – қаңтар

"Ашық терезелер" ("Открытые окна") – қаңтар

"Көңіл толмайтын матч" ("Забойный реванш") –қаңтар

"Тамыз. Осейдж графтығы ("Август. Графство Осейдж") – қаңтар

"Түнек" ("Тьма") – қаңтар

"Жылдамдықтың аңсауы" ("Жажда скорости") – ақпан

"Лабиринтте жүгіруші" ("Бегущий в лабиринте") – ақпан

"Қанішерлер академиясы" ("Академия вампиров") – ақпан

"Призрак" ("Елес" ) – ақпан

"Менің өмірде жек көретін 10 затым" ("10 вещей, которые я ненавижу в жизни") – ақпан

"Мен оралмаймын" ("Я не вернусь") – наурыз

" 37-аудан" ("Район 37") –  наурыз

"Көлеңкем екеуміз" ("Я и моя тень") – наурыз

"Малефисент" – наурыз

"Ной" – наурыз

"Бірінші кек алушы: Басқа соғыс" ("Первый мститель: Другая война") – сәуір

"Лондондық демалыс" ("Лондонские каникулы) – сәуір

 "Робокалипсис" – сәуір

"Мен сіздердің молаларыңызға түкіремін" ("Я плюю на ваши магилы") – сәуір

"Құбыжықтар 2: Күңгірт құрлық" ("Монстры 2: Темный континент") – мамыр

"Жаңа Өрмекші-адам": Жоғары қуат" («Новый Человек-паук: Высокое напряжение») – мамыр

"Годзилла" – мамыр

"Маймылдар планетасының таңы" ("Рассвет планеты обезъян") – мамыр

 "Аждаһаны қалай үйретуге болады 2" ("Как приручить дракона 2") – маусым

"Трансформерлер 4" ("Трансформеры 4") – маусым

"Икс адамдары: Өткен болашақтың күндері" («Люди Икс: Дни минувшего будущего») – шілде

"Ерекше қауіпті" ("Особо опасна") – тамыз

"Тесей" – желтоқсан

"Хоббит: Бару және қайту" ("Хоббит: Туда и обратно") – желтоқсан

"Миньондар" ("Миньоны") – желтоқсан

"Мұражайдағы түн 3" ("Ночь в музее 3») – желтоқсан

"Қар ханшайымы 2" ("Снежная королева 2") – желтоқсан

"Тәуелсіздік күні 3" ("День независимости 3") – желтоқсан

"Билды өлтіру 3" ("Убить Билла 3" ) – белгісіз

"Ұлт қазынасы 3" (" Сокровище наций 3") – белгісіз

Өзіңіз ұнатқан фильмді қалт жібермеңіз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kinokadr.ru, filmpro.ru, kinomassa.net, filmz.ru, yaokino.ru, geekcity.ru, vk.com, kinoprovodnik.ru, bucwar.ru, film-onlin.info, kinopolus.ru