Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Санжар Мәдиев Кенесары хан рөлінде

Санжар Мәдиев Кенесары хан рөлінде

Санжар Мәдиев Кенесары хан рөлінде

Танымал қазақстандық актер Санжар Мәдиев келешекте визитті карточкасына айналуы мүмкін жаңа рөлге ие болды, деп хабарлайды season.kz порталы.

Ол Сатыбалды Нарымбетовтың Кенесары хан хақындағы "Аманат" атты фильмінде басты рөлді сомдаған. Түсірілім тобының айтуынша, Санжар портреттегі суретке ұқсау үшін әрбір екі сағат сайын гримм жасатқан екен.

Фильмдегі оқиғалар бір мезгілде екі ғасырда болып жатады: бірі – Ермұхан Бекмаханов өмір сүрген ХХ ғасырдың орта тұсы, екіншісі – Кенесары Қасымов билік еткен ХІХ ғасыр.

Өздеріңіз білетіндей, Е.Бекмаханов ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірін зерттеумен айналысты. Соның нәтижесінде, 1943 жылы "Қазақ КСР-нің тарихы" атты еңбегі жарық көріп, Кенесары хан туралы материалдар үлкен айқай-шу тудырған болатын.

Санжар Мәдиев бір сөзінде рөлге дайындық барысында көптеген тарихи деректерді оқып, өзінің кейіпкері туралы деректі фильмдерді көргендігін айтты.

Санжар Мәдиев, Кенесары хан рөлін сомдаушы:

"Мен үшін әрбір көрініс алтынға тең дер едім. Түсірілім барысында өте көлемді мәтіндерді жаттауға тура келді. Себебі, кезінде Кенесары хан сарбаздарының рухын көтеру үшін ұзақ монологтарды айтатын болған".

Рөлдің қиын тұсы – актер өзінен он жас үлкен, яғни 37 жастағы тұлғаның рөлін сомдаған. Алайда, бұл жерде де көмекке гримерлер келді. Мәдиевке арнап сауыт, дулыға, жеңқап сынды батырдың киімдері тігіліп, қылыш жасатылған көрінеді.

Тарихта алтын әріптермен жазылған 1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің түсірілімдері кезінде 60 кәсіби каскадер мен өте көп массовка қатыстырылған.

"Аманат" фильмінде Ермұхан Бекмахановтың рөлін актер Берік Айтжанов, оның жұбайын Қарлығаш Мұхамеджанова сомдаған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2013, 08:53
Пікірлер
+0
28 желтоқсан 2013, 09:11

Кенесары ханға сұстылығы да келетін сияқты. Сәттілік!

+0
28 желтоқсан 2013, 09:27

шын айтайын ба, Санжардан айдалада жүріп жүрексінеді екенмін)

+0
28 желтоқсан 2013, 10:57

Суретке қарасаң образға ене алған сияқты, нақты бағасын кино шыққан кезде береміз ғой

+0
28 желтоқсан 2013, 16:26

денесі келмейтін сияқты

+0
09 қаңтар 2014, 10:58

көптен күткен киномыз ғой. Кенесары ханның рөлін қазақтың жігітіне бұйырғанына шүкір. Әйтпесе "Көмпенділер" киносындай Аблай ханды ағылшынша сайратып қойған жоқ па.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.