Қаңтар айының кинопремьералары

Қаңтар айының кинопремьералары

Жаңа жылдың бірінші айына прокатшылар киносүйер қауым үшін біраз қызықты туынды дайындап қойыпты. Жаңа жылды жақсы фильммен бастау тіпті жаман емес сияқты.

«47 ронин» (47 Ronin)

Ұраны: «This Christmas, seize eternity»

Киану Ривзді үйреншікті экшн-кейіпкер амплуасында көретін күн де жетті. Бұл үшін режисер Карл Ринш пен «47 ронин» хикаясына негіз болған жапон ауыз әдебиетіне рақмет айтуымыз керек.

Сюжеті де қарапайым – қожайындары қайтыс болған соң 47 самурай өш алуға бекіп, сол жолда өліп кетуге дайын болады.

«Уолтер Миттің сырлы өмірі» (The Secret Life of Walter Mitty)

Бен Стиллер бұл фильмде басты рөлді ойнап қана қоймай, режисер ретінде де танылды. Ал фильмнің мазмұны қарапайым адам да ерлік іс жасап, ғажайыпқа бөлей алады дегенге саяды.

«Қояндардан да жылдамырақ»


И квартеті Жаңа жылда тағы бір комедиясымен қуантуда. Сюжеті «Мальчишник в Лас-Вегасе» фильміне ұқсас: Қызу кештен соң үш дос мүлде бейтаныс жерде оянады. Осылайша бұл жерге қалай тап болғандарын, жанындағы адамдар кімдер екенін және өткен кеште не болғанын еске түсірмек болады. Сонымен қатар фильм желісі үшеуінің әртүрлі тақырыптағы әңгімелерімен өріледі.

«Үлкен қаладағы махаббат 3»


Ұраны: «Махаббатқа сенеміз»

Бұл жолы фильмде Ресей шоу-бизнесінің жарқын жұлдызы Филипп Киркоровтан өзге, әлемдік жұлдыз – Шерон Стоун да көрініп қалады.

Басты кейіпкерлер сол қалпы, ал сюжеті жас әкелердің алдымен сәби балаларын бағуына және кейін Әулие Валентин-Киркоровтың қаһарына ұшыраған есейген балаларын бағуына құрылған.

«Ломбар хроникалары» (Pawn Shop Chronicles)

Ұраны: «Әр заттың өз құпиясы бар»

Басты рөлдердің бірінде Пол Уокер ойнағандықтан «Ломбард хроникалары» комедиясы көптің назарына ілігері анық.

Фильм жасаушылар бізді кішкентай бір қалашықтағы ломбард байланыстырған үш түрлі оқиғаның қызығына бөлеп, көңіл көтеріп қайтуға шақырады.

«Парклэнд» (Parkland)

Ұраны: «On November 22, 1963, President John F. Kennedy was assassinated. This is the story of what happened next»

Джон Ф.Кеннеди өлімінің фильм нұсқасы. Басты рөлдердің бірінде Зак Эфрон.

«Соңғы күрес» (Grudge Match)

Слоган: «DeNiro vs Stallone»

Режисер Питер Сигал Сильвестр Сталлоне мен Роберта де Нироның басын қосып, соңғы жекпе-жекке шығатын жасы келген екі боксшының рөлін ұсынған екен. Голливудта бірнеше атақты актерлердің басын қосып фильм түсіру жиі қайталанып кеткенін байқадыңыз ба?

«Үміт үзілмейді» (All Is Lost)

Ұраны: «Never Give Up»

Фильм Үнді мұхитын жалғыз өзі кесіп өтпек болып, долы апатқа ұшыраған саяхатшы рөліндегі актер – Роберт Редфорттың ойынына негізделген.

«Джек Райан: Хаос теориясы» (Jack Ryan: Shadow Recruit)

Ұраны: «Интеллект – басты құрал»

Крис Пайн, Кевин Костнер және Кира Найтлидің қатысуымен боевик. Сюжет америкалық қаржы аналитигін алдап, пайдаға кенелгісі келетін қу орыс миллиардерінің төңрегінде өрбиді.

«Мистер Бэнксты құтқару» (Saving Mr. Banks)

Disney-дің «Мэри Поппинс» классикалық көркем фильмін экранизациялауы жайлы тамаша мейірімді хикая. Басты рөлдерде Том Хэнкс пен Эмма Томпсон.

«Мен, Франкенштейн» (I, Frankenstein)

Фильм жасаушылары бір фильмге түрлі ертегі кейіпкерлерін жинақтауды жөн көріпті. Дракула, Франкенштейн және оның қалыңдығы, Көзге көрінбейтін адам, Нотр Дамдағы Бүкір бәрі біздің әлемде өмір сүріп, өлмес екі ұйым арасындағы соғысқа төніп кеткен.

«Вий 3D»


Ұран: «Қорықпа...»

Басты рөлде Леонид Куравлев ойнаған «Вий» ақ-қара фильмі естеріңізде ме? «Вий 3D»-те сол фильмнен тау жігіттерінің шаш үлгілерінен өзге ештеңе қалмаған. Басты рөлге түсуге Джейсон Флеминг келіскен екен. Оның кейіпкері Трансильванияда саяхаттап жүріп, шытырман оқиғаға тап болады.

«Август» (August: Osage County)

Слоган: «Misery loves family»

Фильм америкалық драматург Трейси Леттстің пьесасының экранизациясы болып табылады. Басты рөлдерде Мерил Стрип пен Джулия Робертс. Оқиға қожайыны жоғалған бір отбасының төңірегінде өрбиді. Үш қызы күйеулерімен әкесінің үйіне келіп, анасына көмектесіп, жоғалған әкесін іздестіруге көмектеседі.

«Морган мырзаның соңғы махаббаты» (Mr. Morgan's Last Love)

Ұраны: «It's never too late to love life again»

Парижде бәрінен шетте өмір сүріп жатқан қарт америкалық профессор Мэтью Морган (Майкл Кейн) жайлы хикая. Сүйген әйелі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Өміріндегі ең маңызды дүниелер артта қалған сияқты сезімде. Бәрі солай жалғаса берер ме еді, егер бір күні сүрініп кеткен оған қолын созып көмектескен жас, ашық-жарқын, көңілді Полин болмаса...

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina