2013 жылы жарық көрген қазақстандық фильмдер

2013 жылы жарық көрген қазақстандық фильмдер

Қазақ киносы күн өткен сайын қарқындап дамып келеді. 2013 жылы Қазақстанда 22-ге жуық толық метражды фильм жарыққа шықты десек, оның үштені бірі, яғни жетеуі халықаралық кинофестивальдарға қатысты. Ал 14 картина отандық кинопрокаттан өтті. Кіno.kz статистикасына сенсек, көрерменге жол тартқан 353-тің 14-і қазақстандық фильм екен. Бұл дегенің, отандық фильмдер прокаттың 3,9 пайызын құрайды дегенді білдіреді. Фильмдердің жартысына жуығын "Қазақфильм" дүниеге әкелсе, қалғаны жекеменшік студияларда өндірілді.

Таяуда танымал киновед Гүлнәр Әбікеева жылдың ең үздік фильмдерінің тізімін жариялады. Гүлнәр ханымның таңдаған үздік бестігі төмендегідей:

"Асланның сабақтары" ( "Уроки гармонии" ) Эмир Байғазин;

"Құрылысшылар" ("Строители") Әділхан Ержанов,

"Бауыр" Серік Апрымов,

"Нағима" Жанна Исабаева

"Кітап" ("Книга" ) Ербол Жұмағұлов";

Ал жекеменшік студияда түсірілген үздік картиналар мынадай:

"Бөгдеғаламшарлықтардың қатысы жоқ" ("Инопланетяне не при чем") Фархат Шарипов

"Джокер" – Талғат Жәнібеков;

"Тиым салынған билер" ("Запрещенные танцы") – Ерболат Беделхан;

"Қыз бен жігіт" ("Он и она") – Сәкен Жолдас;

Гүлнәр Әбікеева жылдың көшбасшы фильмі ретінде  Берлиннің 63-ші халықаралық кинофестивалінің жүлдегері, басқа да ондаған фестивальдің сыйлығын алған Эмир Байғазинның "Асыланның сабақтары" фильмін атап көрсетеді. Оның айтуынша, Э. Байғазин "Тәуелсіздіктің ұрпағы" аталатын буынға жатады және заманауи әрекеттерге ештеңеден қорықпастан сыни баға бере алады.

Айта кетейік, түрлі деңгейде жүлде алған қазақстандық фильмге әлем киносыншылары мен журналистердің аса жоғары баға бергені белгілі. Бір ғана Берлин кинофестиваліне келген 4000-ға жуық ақпарат құралының өкілі «Асланның сабақтары» жайлы тамаша ренецзияларды жариялады. Америкалық The Hollywood Reporter журналы «Көркемдік-поэтикалық талапқа бағынған ерекше әсерлі туынды, нағыз шебердің мінсіз қолынан шыққан» деп жазса, «Көк шалғын жамылған даланың кенеттен аппақ қарға оранғанын бейнелейтін алғашқы кадрынан бастап, Байғазин осы әсерлі көріністі, оның реңі мен субъективті шынайылығын фильмнің соңына дейін шебер көрсете алды», - деп хабарлады Village Voice газеті.

Назарларыңызға биылғы жылы көрермен көзайымына айналған басқа да туындыларды ұсына кетейік:

"Бір кем дүние" 

"Препод"

"Елесті аулау"

"Күн сақшылары"

"Олимп шыңы"

"Ат жүрісі"

"Жол"

"Тракторшының махаббаты"

"Ер Төстік пен Айдаһар"

"Жеңіс семсері"

"Бапкер"

"Көк тарландары"

"Бауыржан Момышұлы"

"Елбасы жолы" т.б.

Ал сіз биылғы жылы қандай отандық фильмдерді тамашаладыңыз? Ұнатқаныңыз бар ма? Ой қоса отырыңыз...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kursiv.kz