Отандық фильмдер шет елде көрсетіледі

Отандық фильмдер шет елде көрсетіледі

25-30 қараша аралығында Могилев қаласында казақстандық кинолар апталығы өтеді.

Беларусь және Қазақстан елшіліктерінің қатысуымен 25 қараша күні салтанатты түрде тұсаукесері болады деп жоспарлануда. Беларусь халқы режиссер Рүстем Әбдірәшевтің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнап түсірген «Балалық шағымның аспаны» атты фильмін тамашалай алады. Мұнымен қатар, кино апталығында Қазақстанның алтын қорына енген өзге де режиссерлердің фильмдері көрсетіледі.


Көне деректерді жаңғырта отырып түсірген фильмдерді көрсету арқылы қазақ елінің батыр ұлдары мен қыздарын қалай құрметтейтіндігін танытпақ. Кино апталығында «Мұстафа Шоқай» (2008 ж.), «Жаужүрек мың бала» (2012 ж.), «Жерұйық» (2011 ж.) сынды фильмдер көрсетіледі.


Кинолар «Киновидеопрокат» атты Могилев мемлекеттік кәсіпорнында көрсетіледі. Алдын ала фильмдерді көрген «Киновидеопрокат» кәсіпорнының мүшелері жас толқынның қатысуымен түсірілген қазақ киноларына тәнті болғандығын айтқан. Әлемдік деңгейдегі бәйгелерге қатысып, орын алуға шын мәнінде лайық екендігін де жасырмаған.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: zerx-kz.clan.su




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN