Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Келбеті ерекше 10 актер

Келбеті ерекше 10 актер

Келбеті ерекше 10 актер

Кино әлеміне мінсіз сұлулығымен емес, дарынымен, ал кейде ерекше түр әлпетімен тап болған актрисалар жайлы осыдан біраз бұрын жазған едік. Ендігі сөз сымбаттылығымен емес, келбетімен, тамаша рөлдерімен есте қалған актерлер жайлы болмақ.

"Жоғалғандар/Остаться в живых" телехикаясының жұлдызы Хорхе Гарсияның шашы – оның басты көзірі. Шоу-бизнес «толық денелілерді» жақтырмағанымен, Хорхе әрдайым өзіне тән рөлдерді сомдап, ешқашан жұмыссыз қалмаған.

Карел Стрёйкенге танымалдылық «Адамстар отбасы» фильмінен кейін келді. Нидерландық актердің ұзын бойы мен ерекше түр әлпеті бірнеше мінезді кейіпкерлерді сомдауға мүмкіндік берді. Көптеген фантастикалық фильмдерге гриммен түссе де, бейнені экранға шығару үшін оған аса күштің қажеті шамалы еді. Өйткені бет бейнесінің өзі ерекше кейіпкерге сұранып тұрады.

Кристофер Уокен келбетімен көрермендерге ерекше әсер етеді. Үлкен көздерімен тік қарап тұрған сәтте әр адам өзін жайсыз сезініп қалатын болар. Уокен сомдаған барлық кейіпкерлер осы түр әлпетімен ерекшеленеді.

Лайл Ловетт музыкант ретінде көптеген жетістіктерге жеткенімен, оның ерекше келбетін ескерген режисер Роберт Альтман оған "Игрок" және "Короткий монтаж" фильмдеріне рөл беріп, еш ұтылмады.

«Сұлу мен құбыжық» телехикаясындағы рөлі үшін Рон Перлман «үздік актер» номинациясы бойынша «Алтын глобусқа» ие болған. Оның кейіпкері дәл Ронның өзі сияқты ерекше келбетті, бірақ романтик болатын. Перлманның көптеген рөлдері гангстерлермен байланысты болса да, ол Голливудта өз орнын таба білді. Мысалы, Хэллбойды одан басқа кім ойнай алар еді, тіпті оған ғашық болғандар да болды емес пе?

Дэнни Трехоның жас кезіндегі анашаға әуестігі мексикандықтың бетіне ізін салмай қоймады. Көптеген қыздарды кинотеатрға тартатын сымбатты актерлер болғанымен, қалыптан тыс келбетті актерлер қайталанбас кейіпкерлерді салуға көмектеседі. Мысалы, Дэнни Трехоның «Мачете» фильміндегі рөлі сияқты.

Владимир Басов (1923 – 1987 жж) көзі тірісінде сегіз қырлы әртіс болатын. Оның өзіне тән ерекше келбеті, әртістік шеберлігі мен сүйкімділігі экранда жүздеген айқын кейіпкерлерді сомдауға мүмкіндік берді. Табиғатынан музыкаға бейім ол қарлыққан дауысымен фильмдердегі әндерді де орындайтын. Мұндай дарынды актерлер кино әлеміне жүз жылда бір келеді.

Жарқын кейіпкерлерімен есте қалған актерлердің бірі – Майкл Кларк Дункан (1957 - 2012). Ол Голливудқа актерлердің оққағары болып жүріп тап болған. «Жасыл миля» фильмінен кейін түрлі фильмдерге шақырылып, кино әлеміне толыққанды аяқ басқан еді. Қыршыннан қиылып кетпегенде, әлі де талай есте қаларлық рөлдерді сомдайтын ба еді...

Дәулет Әбдіғаппаровтың бейнесі қазақтың батыр-балуандарын еске түсіреді. 2 метрлік бойы мен ірі денесінің арқасында көптеген фильмдерге түскен. Және көбі эпизодтық рөлдер болғанымен, ол қыздардың сүйікті актерлерінің қолы жетпей жүрген шетел режисерлерімен жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған.

Қазақстан кинематографиясында тағы бір ерекше келбетті актер – Төлепберген Байсақалов. Жастайынан музыкаға әуес ол, Қостанайдың кішкентай бір ауылында кештер ұйымдастырып, тұрғылықты диджей болған. Ал техникум бітірген соң, сол жердің мәдениет үйін басқарып, қойылымдар қойып, өзі рөлдерді сомдаған. Ол – актерге керегі сымбаттылық емес, дарын мен құлшыныс екенін толықтай дәлелдеген майталман.

Сурет: kazakhfilmstudios.kz, meloman.kazakh.ru, ria.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 20 қараша 2013, 17:05
Пікірлер
+0
20 қараша 2013, 20:23

Хеххе,ерекше екен....Бірақ қорқыныштылау екен...

+0
21 қараша 2013, 10:03

Майкл Кларк Дункан мен Дәулет Әбдіғаппаров ұнайды. Екеуі дәу болса да мейірімділік төгіліп тұрады беттерінен

+0
21 қараша 2013, 10:06

Карел Стрёйкенге шынымен ерекше екен

+0
21 қараша 2013, 17:36

Төлепберген Байсақалов шын өмірде де актер сияқты))

+0
21 қараша 2013, 18:46

Ерболат Оспанқұловтың қатарда болмағаны өкінішті! "Гілі-гілі" естеріңізде ме?))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.