Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Баян Есентаева жаңа телесериал түсіреді

Баян Есентаева жаңа телесериал түсіреді

Баян Есентаева жаңа телесериал түсіреді

Жуырда ғана "Тракторшының махаббаты" атты телесериалды көрермен назарына ұсынған қазақстандық танымал продюсер Баян Есентаева тағы да бір жаңа сериал түсіруді қолға алып отыр. Оның бұл жолғы туындысы аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітова туралы болады. Бұл туралы Season.kz сайты хабарлайды.

Баян Есентаева бастаған түсірілім тобы телехикая үшін локация таңдау мақсатымен Орал қаласына ат басын тіреді. Шығармашылық топ қала орталығындағы бірнеше тарихи орындарды қарап шыққан, оның ішінде облыстық филармонияның концерттік залы да бар.

Қолға алынған топтама 12 сериядан тұрады. Оның премьерасы 2013 жылдың соңғы айына жоспарланып отыр.

"Хабар" агенттігінің бағдарлама бөлімінің директоры Сандуғаш Рақымжанованың айтуынша, сериал Орал және Мәскеу қалаларында түсіріледі.

"Тарихи фильмдер, нақтырақ айтсақ, тарихи телефильмдер – осы маусымдағы басты құралымыз. Біз екі ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы мен Күләш Байсейтованы таңдадық. Баян Есентаеваның киноиндустрия саласында тәжірибесі бар тобы "Күләш Байсейітова" жобасын мойындарына алды" – дейді Сандуғаш Рақымжанова.

Картинаның режиссері – Жасұлан Пошанов. Оның "Жұлдызға арналған коктейль" және "Жел-қыз" атты фильмдері көпшілікке жақсы таныс. Ал басты рөлдерді сомдайтын актерлік құрам әлі нақты белгіленбеген.

Айта кетейік, Баян Есентаева басты рөлде ойнайтын "Абайлаңыз, сиыр!" атты комедиялық фильмнің түсірілім жұмыстары жуырда ғана аяқталды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: aktau-site.ru, altaynews.kz

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қазан 2013, 09:30
Пікірлер
+0
25 қазан 2013, 09:33

Тыным таппай жұмыс істеуде, энергияны қайдан алады екен?)

+0
25 қазан 2013, 11:33

ақша барғой :D

+0
25 қазан 2013, 13:52

Теледидардағы бағдарламалардың 50 пайызы Баянға тиесілі сияқты... Шабытына ризамын, бәріне үлгеру керек... ;)

+0
25 қазан 2013, 13:54

"Абайлаңыз, сиыр!" аты құлаққа түрпідей тиеді.

+0
25 қазан 2013, 14:59

Өмірде болған адамдардың өмірін түсіру қиын сияқты, идеалдар басқашай боп қалса кинодан көңілің қалып қалатын сияқты

+0
25 қазан 2013, 15:27

Жақсы түсірсе екен

+0
25 қазан 2013, 19:15

кілең ауыл туралы түсіріп кетіптіго ауылдардың мейірімділігін пайдаланып қалайын дегендері болар

+0
25 қазан 2013, 22:36

Еңбегі жемісті, пайдалы, қызықты әрі мағыналы да мәнді болса болды. Алла күш-қуат берсін! Еңбекқор ғой. Әйтпесе, ақшасы бар шіріп жатқан байлар да бар ғой, өзінен өзгені ойламайтын...

+0
26 қазан 2013, 12:12

Жасай берсiн, табыс тiлеймiн! ( бүйте берсе Баянды қазiргiден де қатты жақсыыыы көрiп кетем-ау )

+0
01 қараша 2013, 10:40

Баян - "бомба"!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.