Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Олимп шыңы" телехикаясы экранға жол тартпақ

"Олимп шыңы" телехикаясы экранға жол тартпақ

14 қазан күні «Қазақстан» телеарнасында көптен күткен «Олимп шыңы» телехикаясының тұсауы кесілмек.

«Олимп шыңы» телехикаясының үш ай бұрын «Олимпиадашылар» деген атпен дайындалып жатқандығынан хабардар болған едік.

Отандық олимпиада ойындарының чемпиондары Серік Сәпиев, Ильия Ильин және Александр Винокуровтардың өмірі мен олардың спорттағы жеткен жетістіктері көрсетілетін телехикаяның қызығы көп болмақ. Фильмде түрлі тақырыптар қозғалады. Оның ішінде отбасы тақырыбы да, достық тақырыбы да бар. Сонымен қатар, шәкірт пен бапкер арасындағы қатынас телехикаяға арқау болмақ.

12 сериядан тұратын телехикаяны дүйсенбі мен бейсенбі аралығында Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалауға мүмкіндіктеріңіз бар.

Телехикаядағы кейіпкерлердің басты прототиптері Илья Ильин, Александр Винокуров және Серік Сәпиев. Әйткенмен, мұнда олардың тек есімдері ғана сақталады, ал спортшылардың тегі кино авторларының шешімімен өзгертілген. Телехикаяның желісі бойынша, барлық үш спортшы да спорт интернатының оқушылары.

Фильмде Александр Виноградов болып аталатын Винокуровтың прототипі алғашқы жарысында жеңіске жетеді. Ал Серік Сәпиев туралы ойдан шығарылған оқиға бойынша ол көше төбелесінен жарақаттанып, мүгедек болып қалады. Оның қайта аяғынан тұруына әжесі көмектеседі. Продюсердің сөзінше, көпсериалы телехикаядағы оқиғалардың 70 пайызы шындыққа жанасады. Су жаңа фильмнің сценарийін Питер Берман, Оксано Бондаренко және Мария Шеремет жазған.

Боксшы Серік Сәпиевтің рөлін сомдау бақыты «Жау жүрек мың бала» тарихи драмалық кинофильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған жас актер Аян Өтепбергеновке бұйырыпты. Ауыр атлетиканың шебері Илья Ильиннің рөлін бодибилдингтен Азия чемпионы атанған Сергей Селишев ойнайды. Ал Александр Винокуров болып неміс театрының дарынды актеры Филипп Волошин өнер көрсетеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет Аян Өтепбергеннің vk.com-дағы жеке парақшасынан алынды

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 қазан 2013, 17:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.