"Қазақша тонаудың" түсірілімі басталды

"Қазақша тонаудың" түсірілімі басталды

Алматы қаласында 16 қыркүйек күні шытырман оқиғаларға толы «Қазақша тонау» («Ограбление по-казахски») комедиясының түсірілімі басталды.

Қазақстандық танымал клипмэйкер Қайыржан Орынбековтың дебюттік картинасы қазірдің өзінде отандық тәуелсіз «мен» деген киножобалардың тізімінде тұр.

Көрерменге жаңа комедиялық кинофильмнің сценариі әзірге құпия ұсталуда. Әйткенмен, кинофильмнің атқарушы продюсері Кирилл Рощиннің Киноправда сайтына берген сұхбатына сенсек, киноның авторлары туындыны Гай Ричидің «Карта, ақша, екі діңгек» («Карты, деньги, два ствола») және «Үлкен сома» («Большой куш») атты фильмдері мен жақында ғана жарыққа шықса да, қазіргі таңда аса сұранысқа ие әлемдік классикалық туындығы айналып үлгерген режисер Бальтасар Кормакурдың «Екі діңгек» («Два ствола») кинофильмдерінің бағытында түсірілмек.

Онымен қоса кинофильмнің бюджеті де қатаң құпияның астында тұр. Әйткенмен қазақстандық басқа да кинофильмдердің бюджетімен салыстырғанда болашақ комедиялық кинофильм қымбатырақ болатын түрі бар. Сырттан жеткен сыбыстарға сенсек, кинокартинаға $10 млн-нан кем жұмсалмайтын көрінеді.

Кинофильмнің атқарушы продюсері Кирилл Рощин айтқандай, фильм таза қазақстандық киноөндірушілердің туындысы болмақ. Кинофильмге ресейлік не батыстық кино саласының жұлдыздары мен мамандары шақырылмайтын болады.

«Қазақша тонау» («Ограблении по-казахски») кинофильмінің басты рөлдері отандық кино саласында танымал болып үлгерген актер Жандос Айбасов пен актриса Аружан Жазылбековаға бұйырған. Сонымен қатар, кинофильмде қазақстандық басқа да атақты әрі дарынды актерлер – Ерболат Тоғызақов, Байқал Белбаев пен Ерік Жолжақсыновтар да бой көрсететін болады.

Кинофильмнің алғашқы түсірілім күні «Евразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты шарасымен аяқталды. Шараның ең соңында қызыл кілеммен актер Жандос Айбасов пен актриса Аружан Жазылбекова жүріп өтті.

Кирилл Рощин аталмыш кинофильмнің отандық кинопрокатқа шығуын келесі жылдың наурыз айына белгілеп отырғандықтарын мәлім етті. Қазіргі таңда кино авторлары әлемдік кинопрокатқа шығудың жолдарын қарастырып жатыр.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: season.kz

А. Әбілхан