"Астана – менің жүрегім" Ресейде көрсетіледі

"Астана – менің жүрегім" Ресейде көрсетіледі

Осыдан жарты жыл бұрын Қазақстанда таныстырылған "Астана – жүрегім менің" киноальманахы енді Ресейде көрсетілетін болады. Бүкілресейлік премьера 27 қыркүйек күні Ульянов ауданындағы ІІІ Халықаралық мәдени форум аясында өтеді. Фильм режиссерлері – Егор Кончаловский және Алексей Голубев. Кинкөрсетілім алдында Егор Кончаловскиймен шығармашылық кездесу болады деп жоспарлануда.

"Астана – менің жүрегім" әртүрлі режиссерлер түсірген 10 киноновелладан тұрады. Картинаны "Париж, мен сені сүйемін", "Нью-Йорк, мен сені сүйемін", "Мәскеу, мен сені сүйемін" сынды әлемдік киноновеллалар сериясымен салыстыруға болады.

Аталған туындының ресжиссерлерінің арасында Рүстем Әбдірашев ("Балалық шағымның аспаны", "Сталинге сыйлық"), Фархат Шәрипов ("Алқызыл қоян туралы ертегі") және басқалар бар, тіпті, Егор Кончаловскийдің өзі көрініп қалады. Бір оқиғаны Ғани Қасымовтың қызы Джулия Ғанидың түсіргендігін де айта кетейік.

"Астана – менің жүрегім" картинасына Қарлығаш Мұхамеджанова, Айнұр Ниязова, Аружан Жазылбекова, Бибігүл Сүйіншалиева, Наталья Орынбасарова, Евгений Жұманов секілді қазақстандық актерлар және ресейлік Сергей Никоненко және Любовь Толкалина түскен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz