«Ат жүрісінде» Әсел Сағатова мен Санжар Мәдиев ойнайды

 «Ат жүрісінде» Әсел Сағатова мен Санжар Мәдиев ойнайды

Гор Киракосянның «Ат жүрісі» («Ход конем») фильмі қазақстандық прокатқа 2013 жылы қазан айында шығады деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Фильм Қазақстан мен Армения елдерінің бірлесіп түсірген туындысы.

Шытырман оқиғалы картина сюжеті бойынша, Алматы қаласының орталық мұражайында аса құнды экспонат – «Темірланның лағыл тасы» сақталған. Оны фильмде «Қыран құстың көзі» деп те атайды. Мастер бастаған легион жауынгерлерінің тобы Легиондар дәуіріне өту үшін таққа отырғызу рәсімін жасауды ойлайды. Бұл рәсімді өткізу үшін үш зат керек: Арыстан жүректі Ричард, Ескендір Зұлқарнайдың қылышы және Темірланның лағыл тасы. Бірінші аталған екі жәдігер мұражайлардан қолды болып, ендігі кезек лағыл тасқа келеді. Бұл аса ауыр іс жоғары сынды Мұратқа (Санжар Мәдиев) бұйырады. Дәл осы уақытта Алматы орталық мұражайында шахматтан халықаралық турнирге қатысып, чемпион атанған Тигран Варданян (Ованнес Азоян) ойламаған жерден ұрылармен бетпе-бет келеді.

Армянский фильм с Асель Сагатовой и Санжаром Мадиевым выйдет в прокат в октябре

Басты рөлдерді армян актері Ованнес Азоян, Асель Сағатова, Санжар Мәдиев және Бақытжан Әлпейісовтар сомдайды. «Бұл кеңестік стильде түсірілген өте көңілді фильм, мен мұны тіпті Рязановтың фильмдеріне ұқсатар едім. Тіпті жауыз кейіпкердің өзі де сүйкімді. Менің сомдайтын кейіпкерім зұлым болса да, оның өз шындығы бар», - дейді Санжар Мәдиев.

Түсірілім жұмыстары Армения мен Қазақстанда жүргізілген екен.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Дина Сабирова©

А. Құлтай