Келер жылы “Рэкетирдің” жалғасы түсірілмек

Келер жылы “Рэкетирдің” жалғасы түсірілмек

Ақан Сатаевтың танымал “Рэкетир” кинофильмінің жалғасы түсірілмек.

Боксшы жігіттің криминалды топтың арасында өрбитін өмірін баяндайтын аты аңызға айналып үлгерген бұл фильмнің жалғасуы жайлы режисердің өзі мәлімдеп берді:

- “Рэкетир-2” кинофильмін дүниеге әкелу жайында көп ойландық. Бізге көрермендерден осы кинофильмнің жалғасын түсіруге деген өтініш хаттар жиі келіп түсіп жатады. Тіпті өзіміздің әріптестердің өздері де фильмнің жалғасын асыға күтуде. Ал кейбірі оның жалғасын түсіруді міндеттеп, талап етіп те жатыр! Біз бұл идеяны сцеранист Тимур Жақсылықовпен, Әсел Сағатовамен, Саят Есембаевпен бірге талқыладық. Қысқасы, біз бұл жобаны келесі жылы қолға алмақпыз. Әйткенмен, қазір бәрі де анық емес, бірақ біз жоспарлап отырмыз.  

Өздеріңіз білетіндей, кинофильмде басты рөлдегі Саянды соңында өлтіріп кетеді. Қарап тұрсақ, бұл оқиға аяқсыз қалған секілді. Болашақта режисер Ақан Сатаев осындай тұстармен қайта бас қатырмақ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: planetaua.net

А. Әбілхан