Тәжіктерге "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясын көруге тыйым салынды

Тәжіктерге "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясын көруге тыйым салынды

Тәжікстан билігі жақында ғана түріктің атақты тарихи телехикаясы "Сұлтан Сүлейменді" Тәжікстан халқына көруге тыйым салды. Мұның себебі де жоқ емес. Жергілікті билік телехикаяда көрсетілетін зорлық-зомбылыққа толы оқиғалар үшін оны көруге рұқсат бермей отыр. 

Тәжікстан мемлекетінің билігінің айтуынша, тарихи фильмде көрсетілетін зорлық-зомбылықты насихаттайтын жәйттер көрерменнің көгірегіне тәуір ой салмайды және олардың ойлау жүйесіне кері әсерін береді. Әйткенмен олардың ойынша, нақты қай серия немесе көріністің зорлық-зомбылықты насихаттайтыны әзірге белгілі емес.

Тәжікстаннің Кино және Видеоөндіріс Мемлекеттік Агенттігінің төрағасы Давлат Сафаров телехикаяны қоғамға таратудың қажеті жоқ екендігін айтады. 

"Сұлтан Сүлеймен" тетелехикаясы тәжіктер елінде тәжік актерлерінің дыбыстауымен DVD дисктерге жазылып, елде көп мөлшерде көрермен жинап та үлгерген еді. Бұл телехикая отандық телеарналардан көрсетіле бастағаннан бері АҚШ және Ресей телехикаяларының арасында ауыз толытырып айтарлықтай бәсекелестік те туындап жүрген болатын. 

"Сұлтан Сүлейменнің" өз ішінде де жағдай оңып тұрған жоқ. Бүгіндері Хюрремнен көз жазып қалған көрермендерде маза жоқ. Сұлтанның қыңыр мінезді тоқалы Хюррем патшайымды Мерьем Узерли сомдап жүрген болатын. Кейінірек белгілі болғандай, Мерьем Узерли жақында ана атанбақ. Сол себепті актриса телехикаядағы "өмірімен" қош айтысты. Оның артынша Хюрремді сомдауға кіріскен Роксолананы көрермен қабылдай алмай жатыр. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: velikolepnyj.ru

А. Әбілхан