"Қазақфильм" кастинг жариялайды!

"Қазақфильм" кастинг жариялайды!

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жаңа кинофильмге кезекті кастингін жариялайды.

Киностудия жақын арада су жаңа «Арал» (Остров) кинофильмінің түсіріліміне кіріспек ниетте. Осыған байланысты киностудия әкімшілігі кастинг кезінде қатыгез кейіпкердің кейпіне 45-50 жас аралығындағы ер адамды таңдамақ.

Кинокартинаның режисері фильмдегі барлық оқиғалар желісі аралда өрбіп отыратындығын айтады. Ал түсірілім Балқаш көлінде өтеді. Сценарий бойынша 45 пен 50 жас аралығындағы қазақ ұлтының азаматы бір аралда ғалым болып жұмыс жасайды. Ол көз жұмған соң, құқық қорғау ұйымының қызметкерлері ғалымның бөлмесінен өз өмірі жайындағы шындықтың бәрі айтылған бейнетаспаны тауып алады. Осы кезден жаңа оқиғалар желісі басталып кетеді. Осы арқылы оның бүкіл өмірі боямасыз экранға шығып отырады.

Мұнымен кастингтен іріктеу тоқтамайды. Өйткені киностудияға ер адаммен қоса, қазақ ұлтының тумасы саналатын 17-23 жас аралығындағы келбетті бойжеткен керек. Сонымен қатар кастинг барысында 30-35 жас аралығындағы қазақ әйелі мен 11 жастағы арық жас бала таңдалмақ.

Кастинг Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында өтеді. Мекенжайы – әл-Фараби көшесі, №176. Кастинг мерзімі 30 тамызға дейін созылады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: news.mail.ru 

А. Әбілхан