Бен Аффлек Бэтмен рөлін сомдайды

Бен Аффлек Бэтмен рөлін сомдайды

Голливудтың әйгілі актері Бен Аффлек Зак Снайдердің жаңа фильмінде Бэтменді сомдайтын болады. Бұл жайлы Warner Brothers кинокомпаниясының президенті Грэг Сильверман мәлімдеді. 

"Осы рөлге ерекше актер қажет болды және Бен Аффлек ең жақсы үміткер болып шықты", - дейді Сильвермен. 

Аффлек Бэтменді ойнайтын фильмнің премьерасы 2015 жылдың жазына жоспарланған. Фильмде Бэтмен комикстердің әйгілі кейіпкері - Суперменмен кездеседі екен. 

Айта кетсек, бұған дейін Бэтмен рөлін Майкл Китон, ДжорджКлуни, Кристиан Бейл секілді танымал актерлер сомдаған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: podrobnosti.ua

Ж. FM