Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Кино шығаруда күйреуге ұшырағандар

Кино шығаруда күйреуге ұшырағандар

Кино шығаруда күйреуге ұшырағандар

Кез келген шығармашылық адамының мақсаты – мәдени мұраға айналатын және мұқтажсыз кәрілікті қамтамасыз ететін туындыны жасап шығару. Алғашқысы қаталдығы бастан асар шоу-бизнес әлемінде мүмкін бола бермейді. Ал екіншісіне батыл қадамдар жасауға әбден болады. Бірақ, осы жолда жеңіліс құшқандар қаншама? Назарларыңызға тер мен жас төксе де, кино жасап шығару жолында күйреуге ұшыраған топ тізімін ұсынып көрмекпіз.

1. «Жизнь Пи» —  банкротқа ұшыраған студия

«Жизнь Пи» (Янн Мартел романы бойынша) – бұл кішкентай қайыққа мініп, бенгалдық жолбарысты серік еткен бозбаланың шексіз мұхитқа саяхаты туралы философиялық роман. Ұзақ уақыт бойы мұндай сюжет түсірілімдерге лайықсыз деп келді. Расында да, фильм режиссері Энг Ли бір қайыққа актер мен нағыз жыртқышты қалай отырғызады? Алайда, 2012 жылы «Жизнь Пи» экранға шықты да, сәттілікке жетті. Картина бірден 11 номинация бойынша "Оскарға" қойылды. Нәтижесінде, фильм төрт бірдей мүсінше жинай алды, оның ішінде Rhythm&Hues компаниясы жасаған визуалды әсерлердің де бағасы  бар. Сонымен қатар, "Жизнь Пидің" өте жақсы кассалық жинағы бар (600 млн$).

Күйреуі

Осындай жетістіктерге қарамастан, фильм жарыққа шыққаннан кейін Rhythm&Hues банкротқа ұшырады. Бұл қалай болды? Мұның ең басты себебі – компания индустриясының жетілмегендігі болып отыр. Жасалған арнайы әсерлер (спецэффекты) шығынды бизнес-модельдерге тартылады, ал киностудиялар кесімді бағамен келісімшартқа отырады, нәтижесінде, барлық қосымша шығындар Rhythm&Hues компаниясының арқасына жүк болып артылады. Мұндай түзеулердің тым көп болуы ғажап емес.

R&H — кесімді қаламақының келісімшартының қақпанына түсіп қалған жалғыз студия емес. Мұндай келеңсіз жағдай AV Concepts компаниясының да басына тиді. Жалпы, визуалды әсерлермен жұмыс істеу – Голливудтағы ең арзымайтын жұмыс. Күні-түні еңбек ететін мамандар ешқандай әлеуметтік кепілдерге де, жеңілдікке де ие болмайды. Олай болса неге жұмыстан бас тартпайды? Арнайы әсерлердің ардагері Скотт Росстың айтуынша көптеген суретшілер мен аниматорлар мұны ақша үшін жасамайды, олар бар болғаны өздерінің жұмыстарын қатты жақсы көреді екен.

2. «Великий диктатор» — Чаплинның қуылуы

«Великий диктатор» — Чарли Чаплинның ең мықты фильмдерінің бірі. Саяси әзіл, келеке айналған ұлтшылдық пен Гитлердің бағыты картинаға орасан зор коммерциялық сәттіліктер әкелді. тіпті, «Великий диктатор» Америка қоғамының соғысқа деген пікірін ретке келтірген туынды ретінде аталады. Фильмның соңындағы Чаплиннің төрт минуттық сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді.

Күйреуі

Екінші жағынан, фильмді Перуде, Испанияда және Жапонияда көрсетуге тиым салынды. Ал АҚШ-та фильмге ФТБ қызығушылық танытып, Чаплинге "антифашизм" айыбы тағылды. Бұл ұлы күлдіргіштің американдық мансабының аяқталуға шақ қалған тұсы болды. Одан антиамерикандық әрекетке ие деп күдіктеніп Сенатқа шақырылуға дейін барды. Оның келесі "Месье Верду" атты фильмі үлкен сынға ілініп, премьерасында наразылыққа ұшырады.

ФТБ тарапынан қысым күшейе түсті, бюро басшысы Эдгар Гувер 1940 жылдары әртүрлі айғақтар жинап, Чаплинның түбіне жетті. Актер 1952 жылы "Огни рампы" атты жаңа фильмінің тұсаукесері үшін Лондонға аттанғанда, АҚШ қайтар жолды жауып тастады. «Огни рампы» фильміне жала жабылып көрсетілуге қатаң тиым салынды. Америка Чаплинмен ортақ ешнәрсе жасағысы келмейтіндіктерін мәлімдеді. Онан кейін Чарли Америкаға қатысты бірде-бір фильм түсірмеді. 1972 жылы Ч.Чаплин кезекті "Оскарын" алу үшін АҚШ-қа бір рет келіп кетті. Үкімет оған қысқа мерзімді виза ашып беруге келіскен екен. Марапаттау рәсімі бар болғаны 12 минутқа созылды.

3. «Эта прекрасная жизнь» — режиссерлік мансаптың жоқ болуы

"Эта прекрасная жизнь" — әлемге атағы кең жаңылған ең мықты фильмдердің бірі. Оны әлемдік кинематографтың классикасы деп атап жатады.  Америкада "Ирония судьбы" фильмі секілді, әр Жаңа Жылдың алдында «Эта прекрасная жизнь» фильмін көрсету дәстүрге айналған.

Күйреуі

Өкінішке орай, дәл осы тамаша фильм өткен жүзжылдықта адам сенгісіз танымалдылыққа ие болған итальян продюсері, американ режиссері Фрэн Капраның мансабына нүкте қойды. Капраның Голливудтағы дәрежесінің биіктігі соншалықты, ол 1945 жылы "Liberty Films" атты тәуелсіз киностудия ашқан болатын. «Эта прекрасная жизнь» осы киностудиядан шыққан алғашқы  әрі ең соңғы туынды саналады.

Фильм Капраны ойсыратып тастады: оның бюджеті 3 180 000 долларды құраған. Алайда, әдемі жаңа жылдық ертегіні көрерменнің жылы қабылдағандығынан, коммерциялық кемшіліктері жылы жабылып, ұлттық мұраға айнала шықты. Шығындарды жабу үшін Капра киностудиясын сатуға мәжбүр болды. Режиссер «Эта прекрасная жизнь» фильміне кәсіби мансабыма тиген ауыр соққы деп атаған екен. Ол 1961 жылға дейін фильм түсіруге деген талпынысын жалғастырғанмен, жарыққа шыққан фильмдері жылы шыраймен қабылдана қоймады. Режиссердің өзіне Чаплин секілді антиамерикандық жаласы жабылып, елден шеттетілді.

 4. «Путешествие на Луну» – режиссерден басқаны алтынға орады

"Путешествие на Луну" — кинематография саласындағы ең алғашқы ғылыми-фантастикалық фильм. Ол өзінің арнайы әсерлері мен бас айналдырарлық сюжеттері арқылы көрерменді баурап алды. Фильм режиссері Жорж Мальес әлемдік кинематографияның негізін қалаушылардың бірі. Технологиясы мен сюрреалистігі аталған фильмге зор табыстар әкелгенімен, Жорж Мальес ойрандалды.

Күйреуі

Мари-Жорж-Жан Мельес картинаны американдық киносаудаға шығарып, "батпан құйрыққа" қол жеткіземін деп ойлады. Алайда кино саласының беделді өнертабушы Томас Эдисонның мүлде басқа жоспарлары бар-ды.

Ол өзін кинотехнологиядағы патенттік құқықтардың қожайынымын деп санады. Осыған орай, шынайы монополист ретінде режиссерлерге бір тиын төлеместен өзге фильмдерді көшіріп, тарата беруге құқығым бар деген бағытты ұстанды. «Путешествие на Луну» хит сатылымға айналды.

Сорына қарай, Мельстің «Стар фильм» атты киностудиясы бар болатын. 1896-1913 жылдары режиссер мұнда 500-ден астам фильм түсірген. Эдисонның тірлігінен кейін Жорж Мельес пайда көрмеді. 1914 жылы Мельес барлық туындысын өртеп, студияны бақталастарына сатып жіберді. Қалған өмірін ойыншық сатумен өткізеді. Режиссер лайықты бағасын 1932 жылы алып, 6 жылдан кейін қаза болды.

5. «Неприкаянные» — қанішер-фильм

Кейбіреулер біле бермесе де, «Неприкаянные» фильмінің өте талантты түсірілім тобы болған. Сценарий авторы – белгілі прозашы Артур Миллер, режиссері – Джон Хьюстон («Сокровища Сьерра Мадре», «Честь семьи Прицци») болса, басты рөлді – Кларк Гейбл мен Мэрилин Монро сомдады. Сәттілік үшін бәрі бар емес пе?

Күйреуі

Алайда, ең жұлдызды топ үшін фильм қашып құтыла алмайтын қатерге айналды. Артур Миллер шығарманы Мэрилин Монро екеуінің үйлену тойы алдында жазған. Ал жұлдызды жұп фильм премьерасының алдында айырылысып кетеді. Мэрилин түсірілім барысында күйзеліспен күресу үшін дәрі-дәрмекті артығымен қабылдап, ауыр халге тап болады. Актрисаны әзер дегенде өлімнен құтқарып қалғандығымен, аяққа тұрып кетуі қиынға түсті. Студия түсірілімді тоқтатудан бас тартып, Мэрилинге екі апта ғана уақыт береді. Нәтижесінде, актриса рөлі ауыр сынға ұшырап, 1950 жылдары қатты күйзеліске түседі де, бір жылдан кейін қайтыс болады.

Кларк Гейбл фильмдегі барлық ауырлықты өз мойнына алам деген оймен жүрек талмасы аурына ұшырайды да, түсірілім алаңында өліп кетеді. Хьюстон түсірілімнен кейін ішімдікке салынып кетті.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net

1516 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 тамыз 2013, 09:43
Пікірлер
+0
19 тамыз 2013, 12:47

Хммм, қызық ия... Соншалықты марапатқа ие бол тұрып, күйрегені... Кілтін таба білу керек әр нәрсенің...

+0
19 тамыз 2013, 14:42

Осы тізімге отандық киноларды да кіргізер ем :oops:

+0
19 тамыз 2013, 15:58

Басынан дұрыс ойластырылмаған болып тұр ғой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев